Ұлт ұясы Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез қазақ рухының қағбасы Ордабасы ауданына жетті. 31-наурыз күні сапарға шыққан ол бүгінге дейін 1000 шақырымды артқа тастаған.
Ақсақалды жолай жолықтырған жандар неге жаяу жүрсіз деген сауалды көп қояды екен. Айтуынша, бүкіл Қазақстанды жаяу аралап, Ұлытау ордасының шежірелі тарихынан сыр шерту — негізгі миссияларының бірі екен. 72 жастағы Сәрсенбай Оспанұлы өз сөзінде бұл сапарының 3 мақсаты бар екенін атап өтті. Қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан қолданбалы өнер түрлерін жинақтап, ЮНЕСКО-ға өткізу де негізгі меже болып табылады.