Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»2017 жылы түлектердің емтиханды қалай тапсыратыны белгілі болды
    Білім

    2017 жылы түлектердің емтиханды қалай тапсыратыны белгілі болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.11.2016Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР білім және ғылым министрлігі түлектердің емтиханды қалай тапсыратыны жайлы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасында министрліктегілер 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестацияны қалай тапсыратыны жайлы жазды.

    «11-сынып оқушылары қорытынды аттестацияны 5 пәннен тапсырады, оның ішінде төрт міндетті пән бар (қазақ тілі, орыс тілі, алгебра мен анализ бастамасы, Қазақстан тарихы) және таңдау пәні (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы немесе жаратылыстану-математикалық бағыттағы)», — деді ҚР БҒМ өкілдері.

    Емтихандар қалай өтеді:

    1. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен жазбаша емтихан (мектепте қай тілде оқуына байланысты таңдалады). Жазбаша емтиханға 3 сағат (180 минут) беріледі. Түлектер берілген үш тақырыптың біреуін таңдайды. Сол тақырыпты 250-300 символдан тұратын эссе жазады. Тақырыпты таңдаған соң эссенің негізгі идеясы, оның проблемалары мен қажетті дәлелдерді жазуы керек. Сондай-ақ, емтихан тапсырушы эсседе тілдің көмекші құралдарын (эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақтарды және қыстырма сөздерді) қолданып, қорытынды жаза алуы тиіс.

    Орыс тіліндегі эсселердің тақырыбы мынандай болуы мүмкін:
    — Должны ли туристы соблюдать обычаи стран, которые они посещают?
    — Согласны ли Вы с тем, что научно-технический прогресс оказывает влияние на людей?
    — Согласны ли Вы с тем, что кинематограф оказывает большое влияние на молодёжь?

    Айта кетейік, қабылданған жұмыстар бірыңғай талап бойынша бағаланып, Білім басқармасындағыларға жіберіледі.

    2. Алгебра мен анализ бастамаларынан жазбаша емтихан. Оған 5 сағат (300 минут) беріледі. Онда 5 тапсырма болады. Алгебра мен анализ бастамалары пәнінен дайындалған тапсырмалар қолданбалы математикадағы логикалық тапсырмаларды шешуге бағытталған.

    3. Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет арқылы тапсырады). Әр билетте 3 сұрақтан болады, олардың екеуі теория болса, үшіншісі шығармашылық тапсырма ретінде келеді (тарихи карталарды, сызбаларды, хронологиялық кестелер мен суреттерді пайдалану арқылы).

    4. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде білім алғандар қазақ тілінен тест тапсырса, қазақ тілінде білім алған түлектер орыс тілінен тест тапсырады. Тестке 80 минут беріледі. Онда 40 сұрақ болады:

    — 20 сұрақ лексикалық-грамматикалық болады;

    — «Тыңдау» — 10 сұрақ (2 мәтін, 200-250 сөзден тұрады);

    —  «Мәтін оқу» -10 сұрақ (2 мәтін, 200-250 сөзден тұрады).

    5. Тестілеу — тек бір пәнді таңдауға болады:

    — физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі), информатика.
    Барлығы 40 сұрақ (80 минут беріледі, 40 сұрақ — 60 балл):
    • бір дұрыс жауабы бар 20 сұрақ (20 балл);
    • бірнеше дұрыс жауабы бар 20 сұрақ (40 балл).

    «Түлек емтиханға қойылған бағамен келіспеген жағдайда келесі күні сағат 13.00-ге дейін облыстық, аудандық және қалалық білім басқармасы құрған емтихан комиссиясына өтініш түсіре алады», — делінген БҒМ Facebook желісіндегі парақшасында.

    Ведомствоның мәліметінше, қорытынды аттестация 2017 жылдың 29 мамыр — 9 маусым аралығында өтеді. «Мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өтетін болады», — деді ҚР БҒМ өкілдері.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Білім және ғылым министрлігінде ҰБТ-ның жаңа форматы таныстырылған болатын. Сондай-ақ, ҚР БҒМ өкілдері 2017 жылғы түлектерге ҰБТ-ның екіге бөлінетінін жариялаған еді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.