Халықаралық спорт күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі, Спортты дамыту дирекциясы, Франция Елшілігі және 2024 жылы Париж қаласында өтетін Олимпиаданың комитеті Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде іс-шара өткізді.
Сонымен қатар, №17, Шарль де Голль-Мирас француз мектебінің, және өзге де білім мекемелерінің жүзден астам оқушысы «әлемдік эстафетаға» қатысты. 24 сағат бойы жалғасатын бұл эстафета Фиджиден бастау алып, Жапония, Камбоджа, Қазақстан, Үндістан, Камерун, Бразилия және АҚШ елдерінен өтіп, Таитиде аяқталады (Француз Полинезиясы). Ол Жер шарының қырыққа жуық астам елін және 24 уақыт белдеуін қамтиды. Іс-шараға Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Канесс және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және 18 спортшы қатысты.
«Бүгінгі шара жоғарғы деңгейде өтті. Бұл Париж Олимпиадасына жасалған алғашқы қадамдардың бірі. Барлығымыз ойындардың жоғары деңгейде өтетініне сенеміз, сондықтан оларға арналған барлық акцияларды тиісті деңгейде өткізуге тырысамыз. Мен өз тарапымнан барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін және қазақстандық спортшыларға 2024 жылғы Олимпиадада сәтілік тілеймін!», — деді Дидье Канес құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, 1900 жылы және 1924 жылы өткен олимпиададан кейін Париж қаласында 2024 жылы үшінші рет 26-шілде мен 11-тамыз аралығында жазғы олимпиада өтеді.