Темірлан тарлан тарихта ерекше орын алуымен қатар, Қажымұқан бабамыздың жатқан жері. Бұл өлкеге келген әр азамат шығар биікте орналасқан палуан бабамыздың кесенесіне тәу етіп, ниет етеді. «Айғақ» телеарнасы бастаған топ да осы тұста аялдап, исі қазақтың ортақ батырының рухына құрбандық шалып, Құран бағыштады. Ауыл ақсақалдары делегат мүшелеріне ақ батасын беріп, сәтті сапар тіледі.
Еске салсақ, қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан өлшеулі өмірін күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын алғаш рет бүкіл әлемге паш етті. Өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, саны жоқ алтын күміс медальдарды мойнына түңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған қазақ алыбының әлемдік жампоздармен қатар жүруі, боз кілемдегі айқастарда шетінен сұлатып жеңіске жетіп, бәйге алуы – нағыз ерлік еді.