• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМ ӘЗІРЛЕГЕН БІРЕГЕЙ ГИДРОГЕЛЬДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОТА ЖАСАЛДЫ

11.03.2022
0

Академик Н. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында фибрин гидрогелін қолдану арқылы тізе буынының шеміршегін хирургиялық қалпына келтірудің жаңа әдістемесін клиникалық зерттеу басталды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл әдістеме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021-2022 жылдарға арналған ғылымды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламасы аясында әзірленді.

«Бұл Мемлекет басшысының медициналық-биологиялық зерттеулердің басымдығы және елдің дамуына ғылымның үлесін арттыру туралы тапсырмаларын іске асырудың алғашқы практикалық нәтижелерінің бірі. Ғылымды қаржыландырудың екі еседей артуы арқасында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген ғылыми идея мен әзірлемені қолдау мүмкіндігі артты. Қазақстандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасап шығарды, Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты қант диабетін емдеуге арналған жобаны енгізіп жатыр. Бүгін басталған буындарды қалпына келтіруге арналған гидрогельдің клиникалық зерттеулері Ұлттық биотехнология орталығы  Н.Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп жүзеге асыратын ғылыми бағдарламаның бір бөлігі. Бұл қазіргі таңда БҒМ қаржыландыратын 59 ғылыми-техникалық бағдарламаның бірі екенін де айта кеткен жөн. Оның барлығы нақты өмірлік мәселелерді шешуге бағытталған», — деп атап өтті ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева.

Жаңа әдістеменің негізгі әзірлеушісі – Ұлттық биотехнология орталығының дің жасушалары зертханасының меңгерушісі Вячеслав Огай.

«Модификацияланған фибрин гидрогелінен, пациенттің өз дің жасушаларынан тұруы гидрогельдің бірегейлігі болып есептеледі. Осының арқасында зақымдалған шеміршекті қалпына келтіру күшейіп, жеделдетіледі. Жаңа техника пациенттердің өмір сүру сапасына жақсы әсер етіп, мүгедектікті азайтады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде тізе буынын эндопротездеуге мұқтаж адамдар саны азаяды», – деп айтты Вячеслав Огай.

Дәрігерлер оң жақ тізе буынының артрозы бар 28 жастағы науқасқа ота жасады. Клиникалық сынақтарға барлығы 25 пен 60 жас аралығындағы 80 ерікті қатысады, оның ішінде буындарында жасына байланысты өзгерістері бар егде жастағы адамдар, сондай-ақ кәсіби жарақат алған жас спортшылар бар. Клиникалық зерттеулер халықаралық клиникалық зерттеулер стандартына (GCP) сәйкес жүргізіледі. Пациенттердің құқықтарын, қауіпсіздігін және әл-ауқатын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында пациенттердің жеке деректері жария етілмейді.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда буын ауруларына шалдыққандар саны ұдайы өсіп келеді. Мысалы, статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 5 жылда буындардың жалпы ауруы 100 000 халыққа шаққанда 4223,7-ден 5283,2 адамға дейін өсті. Буын патологиясы егде және қарт жастағы адамдарға ғана әсер етпейді, олар 19 жасқа дейінгі 0,1%, 29 жасқа дейінгі 0,2%, 3,5% — 39 жасқа дейін, ал 50 жастан асқан науқастарда олардың үлесі күрт артады. Буын ауруларының дамуы бірнеше жылға жалғасса, мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Бүгін зерттеудің 1-2 кезеңі басталды, ол 2022 жылдың соңына дейін жалғасады. Одан кейін бірнеше орталықта клиникалық зерттеулер жүргізіледі, оның нәтижесі биомедициналық өнімді тіркеу, оны жаппай өндіру және осы процедураны қажет ететін барлық қазақстандықтар үшін кеңінен қолданылуы тиіс.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.