• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

2025 жылға қарай Еңбек министрлігі барлық мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіреді

01.03.2022
0

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселесі қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады. С. Шәпкеновтың айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 45 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Министрлік бұл қызметтерді халыққа неғұрлым ыңғайлы және заманауи талаптарға сай көрсету үшін оларды цифрландыру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. «Ең алдымен, қазіргі бизнес-процестерді талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді дамытуды тежеп жатқан бірқатар фактор, атап айтсақ зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін қажетті ескі мәліметтердің болмауы, мобильді азаматтар базасында тіркеудің болмауы сияқты мәселелер анықталды. Осыған орай, біз реинжиниринг және мемлекеттік қызмет көрсету процестерін трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз», — деді ҚР ЕХӘҚМ басшысы. Барлығы 45 мемлекеттік қызметтің 42 түрі немесе 93 пайызы электрондық форматта көрсетіледі, оның ішінде 21 қызметті немесе 43 пайызын проактивті түрде алуға болады. 2021 жылы әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 12,6 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 9,1 млн-ы немесе 72 пайызы электрондық түрде көрсетілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық. Жалпы, 2025 жылға қарай барлық мемлекеттік қызметті 100 пайыз электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр. «Халықтың қызмет алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өткен жылдың қазан айында Министрлік Каспи банкімен және Халық банкімен бірлесіп, олардың мобильдік қосымшаларында баланың туылуына байланысты төлемдерді тағайындау бойынша сервистерді іске қосты. Тек 2021 жылдың төртінші тоқсанында 16,5 мыңнан астам балалы болған отбасылар үйде отырып, мобильді қосымша арқылы қызмет алды. Бұл практиканы басқа банктердің мобильді қосымшаларына енгізу жұмысы жалғасатын болады», — деді С. Шәпкенов. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында 17 қызмет түрі бойынша эксаумақтық қағидат енгізілді. Яғни, азаматтар қай жерде тұрғанына қарамастан, кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мемлекеттік қызмет алуға өтініш білдіре алады. 2021 жылдың төртінші тоқсанында 22,6 мыңнан астам азамат эксаумақтық қағидат бойынша қызмет алды. Сондай-ақ операциялық шығындарды үнемдеу мақсатында бір азаматқа тағайындалған бірнеше әлеуметтік төлемдерді бір төлемге біріктіріп аудару жүзеге асырылды. Соның арқасында 2021 жылдың 7 айында 3 млрд теңге үнемделді, ал жыл сайын 6 млрд теңге үнемделетін болады.  Сонымен қатар, министрдің айтуынша, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың негізгі бағыттарының бірі – проактивті қызметтер. Бұл орайда, мемлекеттік қызметтерді алу үшін азаматтарға Халықты қызмет көрсету орталығына, әкімдіктерге немесе басқа да инстанцияларға барудың қажеті жоқ болады. Бұл бағытта Цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация орталығымен кешенді шаралар қабылданып жатыр. 2021 жылдың екінші жартыжылдығында бала туумен байланысты проактивті форматтағы қызметтердің үлесі 12 пайыздан 53 пайызға өсті. Мысалы, өткен жылы 440 мыңдай бала дүниеге келсе, оның ішінде 233 мың нәрестенің аналары әлеуметтік төлемдерді телефонға келетін хабарламаға жауап беру арқылы проактивті түрде алды. Сонымен қатар 4 немесе одан да көп баласы бар аналарға автоматты түрде көп балалы отбасыға берілетін жәрдемақы тағайындалады. Бұл қызмет бойынша проактивтілік 1%-дан 41%-ға өсті.  «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы бойынша проактив 9%-дан 24%-ға дейін, ал еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бойынша 6%-дан 21%-ға дейін артты. Биыл біз проактивті форматтағы қызметтерді 25 түрге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді С. Шәпкенов.  Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Министрлік жеке бір қызметке емес, азаматтың өмірлік жағдайына сүйенеді. Мәселен, мүгедектік белгіленген және жәрдемақылар мен техникалық оңалту құралдарын алған кезде денсаулығынан айырылған азаматтарға төрт түрлі инстанцияға – емханаға, медициналық әлеуметтік сараптама бөліміне, Халыққа қызмет көрсету орталығына, әкімдікке жүгінуге тура келеді. Мемлекет басшысы 2021 жылғы ақпандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасауды, қағазбастылықты алып тастауды тапсырды. Осыған орай Еңбек министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарға оңалту шараларын ұсыну бойынша шаралар қабылдады. Бүгінгі күні еліміздің барлық 17 өңірінде мүгедектікті анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша «пилоттық жоба» іске қосылды.  Бұл орайда, азамат тұрғылықты жері бойынша емханаға ғана жүгінеді, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы адамның қатысуынсыз өтеді. 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша 6 753 өтінім сырттай форматта қаралды. Жалпы, биыл осы тәсілмен мүгедектігі бар азаматтардың 20 пайызын қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар үшін 2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді. Бұған дейін бұл азаматтар қажетті оңалту бойынша қызметтер мен техникалық құрал-жабдықтарды алу үшін әкімдіктерге және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын еді. Бұл өте ыңғайсыз болды, көп уақыт кетіп, қызметтер кеш көрсетілетін еді. «Портал қызмет көрсетушілерді адамның өз бетінше таңдауына мүмкіндік береді, ал мемлекет тауардың не қызметтің құнын өтейді. Соның арқасында қызмет алу мерзімі кейбір жағдайларда алты айдан 2 аптаға дейін қысқарды. Соның нәтижесінде 2021 жылы Портал арқылы 371 мыңнан астам қызмет көрсетілді және оңалту бағдарламаларының орындалуы 2019 жылғы 62%-дан 2021 жылы 88%-ға дейін өсті. Ал биыл оңалту бағдарламаларының орындалу деңгейі 90%-дан асады деп жоспарлап отырмыз», — деді ҚР ЕХӘҚМ басшысы. 2020 жылғы қарашадан бастап халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде көрсету бойынша пилоттық жоба кезең-кезеңімен іске қосылды. Бұрын азаматтар жұмыс табу және жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталығына, ал жұмысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруы керек еді. Ал қазір бұл қызметтерді Электрондық еңбек биржасы арқылы онлайн алуға болады. Сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркелу мерзімі 10 күннен 3 күнге дейін қысқарды. 2021 жылы 149 мың адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді, оның 33%-ы онлайн-форматта тіркелді, азаматтардың 60%-ы жұмысқа онлайн түрде орналастырылды. ҚР ЦДИАӨМ басшысы Б. Мусиннің айтуынша, жалпы алғанда 2021 жылы 454 мыңға жуық қызмет проактивтік форматта көрсетілді. Бұл қазақстандықтардың мемлекеттік органдарға өтінішпен жүгінбей мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін білдіреді. «Бұл ретте, Цифрлық трансформация орталығы алаңында біз проактивтік форматпен шектеліп қана қоймай, қызмет көрсету процесінен ХҚКО-ның және Еңбек министрлігінің қызметкерлерінің араласуын мүлдем алып тастау қажет екенін түсіндік. Яғни процестерге реинжиниринг жасау керек. Ол үшін Еңбек министрлігімен бірге тиісті алгоритмдерді бекітіп, ақпаратық жүйелерді жетілдіреміз», — деді Бағдат Мусин. Мысалы ретінде, біздің азаматшаларымыз жүктілік бойынша жәрдемақыларға байланысты қызмет алу үшін: Халыққа қызмет көрсету орталығына барады; қызмет 8 жұмыс күн ішінде көрсетіледі; қызмет көрсету барысында 7 қызметкер қол қояды. «Ал жаңағы алгоритмдердің арқасанда адами факторлары мүлдем болмайды және қызмет өтінішсіз, автоматты түрде көрсетілетін болады. Ал азаматшаға қызметтің көрсетілу барысы туралы СМС арқылы хабарланады. Осылай, әрі қарай мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа көшіру бойынша жұмысты жалғастырамыз», — деді цифрлық даму министрі. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау және деректерді бір базаға жинау арқылы «Отбасының цифрлық картасын» іске асыруға қол жеткізіледі. Ол жобаның маңыздылығы – бұл жауапты адамдар мен мемлекеттік органдарды уақтылы хабардар ету арқылы әлеуметтік-еңбек саласындағы және басқа күрделі жағдайларды жедел шешу мүмкіндігін беру. Қазіргі таңда осы отбасылық цифрлық карта арқылы әлеуметтік еңбек саласындағы және басқа күрделі жағдайларды жедел шешу мүмкіндігін беру көзделген. Осы жоба аясында 58 деректер базасының ішінен жанұяның ахуалын көрсететін қажетті деректер іріктеліп, бір базаға жиналды.

Басты мақсат – отбасыны бағалаудың 5 өлшемі айқындалды. Бұл:

Экономикалық жағдайы (табыс);

Денсаулығы;

Тұрғын үй жағдайлары;

Әлеуметтік жағдайлары (статусы);

Білім деңгейлері.

Осы критерийлердің негізінде отбасының жағдайын автоматты түрде айқындалып, кейін қажетті кешенді қолдау шараларын, яғни әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй көмегі, құқықтық қолдау т.б. қолдау шараларын ұсыну мақсатқа алынған.

Дереккөз: primeminister.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.