• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ БРИФИНГ БЕРДІ

11.02.2022
0

Екіжақты келіссөздің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

Қазақстан Президенті өз сөзінде Мәскеуге сапармен келуге шақырғаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

– Келіссөз өте мазмұнды және тиімді болды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бүгінгі келіссөзге көңілім толатынын айтқым келеді. Биыл мемлекеттеріміз үшін атаулы жыл болмақ. Елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз.  Осы уақыт ішінде достыққа, ортақ тарихқа және халықтарымыздың ментальдық тұрғыдан жақындығына сүйене отырып, мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісін қалыптастырдық. Тиімді саяси диалогтың арқасында барлық бағыт бойынша зор жетістіктерге қол жеткіздік. Біздің құрлықтағы шекарамыз – әлемдегі ең ұзын шекара. Бұл бүкіл халықаралық қоғамдастыққа нағыз тату көршіліктің, сенімді одақтастық пен стратегиялық серіктестіктің жарқын үлгісін көрсетіп отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өте мазмұнды және жемісті келіссөз жүргізілгенін мәлімдеді. Екі ел басшылары қазіргі қазақ-орыс мәселелерін ашық әрі өзара сенім негізінде талқылады.

– Елдеріміз арасындағы жан-жақты байланыстардың жоғары деңгейдегі табысты дамуына көңіліміз толатынын атап өттік. Өзара тиімді ынтымақтастықтың зор әлеуетін ескере отырып, саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды тереңдетуге ниетті екенімізді нақтыладық. Біз өзара сауда-саттықтың оң қарқынын сақтауға уағдаластық. Пандемия шараларына қарамастан, жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Былтыр тауар айналымы 21 миллиард доллардан асты, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ресей компаниялары Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бестігіне кіреді және олардың салған қаржыларының жалпы көлемі 17 миллиард доллардан асады. Елімізде шетелдік капиталдың үлесі бар әрбір үшінші кәсіпорын Ресей компанияларының қатысуымен құрылған. Олардың ортақ инвестициялық портфелі барлық саланы қамтыды.

– Біз өндіріс кооперациясын кеңейтудің перспективаларын егжей-тегжейлі талқыладық. Бұл бағытта елдеріміз қазірдің өзінде 13 ірі жобаны іске асырды. Бүгінде құны 2,5 миллиард доллардан асатын 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек инвестициялық құны шамамен 1,5 миллиард доллар болатын тағы 11 жоба әзірленуде. Келіссөз кезінде құрметті Владимир Владимировичке бұл жобалардың бәрі менің жеке бақылауымда екенін айттым. Олардың бәрі жаңа жұмыс орындарын ашуға, елдеріміздің өнеркәсіп және технологиялық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Өңіраралық ынтымақтастықтың да пайдасы зор. Екі ел арасындағы сауда айналымының  шамамен 70 пайызын өңірлеріміз арасындағы өзара тиімді сауда-саттықтың үлесі құрайды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы табысты серіктестіктің жаңа инновациялық өсім нүктелері есебінен кеңейіп отырғанын атап өтті. Бүгін цифрландыру, ғарышты игеру сияқты өзекті мәселелер мен атом энергетикасы саласында мамандар даярлау бойынша елдеріміздің ілгерілеуіне мүмкіндік беретін бірқатар құжатқа қол қойылды.

 – Қазақстанда инженерлік-техникалық сала бойынша жоғары білікті мамандардың қажеттігін ескере отырып, білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше мән берілді. Келіссөз барысында Владимир Владимировичке Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға келіскені үшін ризашылығымды білдірдім. Бұл қадам еліміздің білім беру саласын дамытуға сүбелі үлес қосады деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі тараптың да халықаралық бастамаларды ілгерілетуге өзара қолдау көрсететінін мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халықаралық ЭКСПО көрмесін 2030 жылы Мәскеуде өткізу бастамасын қолдайды.

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қаматамасыз ету ісіндегі рөлін жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздіктің тұтастығына қатысты Ресейдің ұстанымын қолдады. Аталған құжат 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның Астана форумында қол қойылған Декларацияда бекітілгенін еске салды.

– Қазіргі әлемде басқа мемлекеттердің қауіпсіздігіне залал келтіре отырып, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес және тиімсіз екенімен келісеміз. Сондықтан халықаралық ауқымдағы қауіпсіздікке қатысты Ресей Федерациясының ұсыныстары табысты дипломатиялық келіссөз өткізуге жақсы негіз болады. Келіссөздердің тек сөз үшін емес,  нәтижеге қол жеткізу үшін жүргізілгенін қалаймыз. Түптеп келгенде «жақсы жанжалдан, жаман болса да бітім артық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзін қорытындылай келе, өткізілген келіссөзге көңілі толатынын атап өтіп, қонақжайлық көрсеткені үшін Ресей тарапына ризашылығын білдірді.

 

Ақорда.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.