Бағдарлама Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша 2020 жылы іске қосылды. Ол экспортқа бағдарланған шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бір бөлігі болып табылады.
Бағдарлама операторы – ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «QazTrade» АҚ.
2022 жылы «Экспорттық АКСЕЛЕРАЦИЯ-2022» бағдарламасына қатысу үшін машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ қызметтерді жеткізушілер сияқты салалардағы 190 кәсіпорын іріктелетін болады.
Бағдарлама шеңберінде қазақстандық өнімді нақты ілгерілету үшін Ресей Федерациясы, Украина және Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Өзбекстан Республикасы нысаналы нарықтар болып айқындалды.