• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Сәуір 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ҚР ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІНЕ ЖАҢА ҚАҒИДАТТАР БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ

21.01.2022
0

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) ҚР Әлеуметтік кодексін (бұдан әрі – Кодекс) әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Құжатта мынадай қағидаттарды бекіту ұсынылады: мұқтаждықты ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы мен сараланған тәсілі; әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу және ескерту; экономикалық ресурстар мен әлеуметтік саясат міндеттерінің мөлшерлестігі; мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі; әлеуметтік саясаттың инклюзивтілігі, әлеуметтік қорғаудың құпиялылығы және халықаралық стандарттарға сәйкестігі.

Кодексті әзірлеу үшін Еңбекмині жанынан Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарын қоса алғанда, жүзден астам сарапшылардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды, 30-дан астам заңнамалық және 150 заңға тәуелді актілер зерделенді, халық пен қоғамдық бірлестіктерден 500-ге жуық ұсыныс қаралды, Кодекстің тұжырымдамасы әзірленді.

«Қазіргі уақытта қазақстандықтарға әлеуметтік қамсыздандыру шараларының кең спектрі беріледі, олар 1 Кодекспен, 16 заңмен және 100-ден астам заңға тәуелді актімен реттеледі. Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – халық үшін олардың түсінігін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Кодексті қабылдау нормативтік құқықтық актілерді баяндаудың бірыңғай стилін қамтамасыз етеді, бұл әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бірқатар заңдардың 90-шы жылдардың басында қабылдануына, содан бері НҚА-ны әзірлеу тәсілдерінің айтарлықтай өзгергеніне байланысты қажет. Бұдан басқа, Кодекс шеңберінде азаматтардың әлеуметтік құқықтарын жүйелеу жүзеге асырылады – бір құжатта адам өмірінің барлық салаларында туындайтын базалық құқықтар, оның ішінде ең төменгі әлеуметтік стандарттар көрсетілетін болады», – деп хабарлады Еңбекмині Заң қызметі департаментінің директоры Анжелика Парсегова.

Ол сондай-ақ Батыс Еуропаның кейбір елдерінде (Англия, Италия, Бельгия және т.б.) әлеуметтік кодекстер жоқ екенін атап өтті, бұл мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету деңгейіне әсер етпейді. Бұл мемлекеттер халықаралық қоғамдастықтың актілерін, атап айтқанда Еуропа Кеңесінің актілерін басшылыққа алады.

Германияда, Францияда, Швецияда, Аустрияда, Үндістанда және т.б. елдерде әлеуметтік кодекстер, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру кодекстері қабылданды, сонымен бірге шет елдердің әлеуметтік кодекстерімен реттелетін мәселелер тізімі өте кең болып келеді және бірыңғай емес. Мысалы, Францияда бұл құжат жұмыссыздық мәселелерін реттемейді, ал Үндістанда – көп бөлігі Еуропа елдерінің әлеуметтік кодекстерімен реттелмейтін еңбек қатынастарына арналған.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Әлеуметтік кодексте мынадай қағидаттарды бекіту ұсынылады: мұқтаждықты ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы мен сараланған тәсілі; әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу және ескерту; экономикалық ресурстар мен әлеуметтік саясат міндеттерінің мөлшерлестігі; мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі; әлеуметтік саясаттың инклюзивтілігі, әлеуметтік қорғаудың құпиялылығы және халықаралық стандарттарға сәйкестігі», – деді Анжелика Парсегова.

Оның айтуынша, жұмыс тобы екі – жалпы және ерекше бөліктен тұратын Кодекс жасауды ұсынады.

Жалпы бөлікте мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік қатынастарды олардың өзара міндеттемелерін нақты айқындай отырып, құқықтық реттеудің негіздері белгіленеді.

Ерекше бөлік әлеуметтік тәуекелдердің жекелеген түрлеріне арналған, онда оларға ден қою шаралары, әлеуметтік көмек алушылардың санаттары, төлемдердің мөлшері, оларды тағайындау шарттары мен мерзімдері айқындалатын болады. Сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік институттардың құқықтық мәртебесі регламенттелетін болады.

Әлеуметтік кодекстің тұжырымдамасында:

— әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту (азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру; мұқтаж отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу институтын дамыту);

— азаматтарды әлеуметтік қолдауды жаңғырту (Әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық ең төменгі нормаларынан кем емес деңгейде әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету; сырқаттану кезінде жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру; әлеуметтік қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу; демографиялық трендтерді ескере отырып, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру);

— әлеуметтік стандарттарды ұсынудың интеграцияланған моделін енгізу («Цифрлық әлеуметтік картаны» енгізу; отбасылардың мұқтаждық жағдайынан шығуын ынталандыру; әлеуметтік саланың бағыттары бойынша алдын алу шараларын қабылдау);

— мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді трансформациялау және реинжинирингтеу (өтініш беруден проактивті қызмет көрсетуге көшу; мүгедек адамдарды сырттай куәландыру; атаулы әлеуметтік көмек көрсету процестерін автоматтандыру; «әлеуметтік әмиянды» кезең-кезеңімен енгізу);

— әлеуметтік институттарды реформалау көзделеді (зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияларды бере отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры базасында Мемлекеттік әлеуметтік қор құру; әлеуметтік саланың қаржылық ағынын шоғырландыру).

«Келешекте Әлеуметтік кодексті қабылдау: азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай білім көзін құруға; халықтың әлеуметтік әл-ауқатының автоматтандырылған мониторингін жүргізуге; әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауға; мемлекеттік қызметтерді электрондық және проактивті форматта көрсетуге; азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы мен өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Анжелика Парсегова.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.