• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДА ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ КЕҢЕЙТІЛДІ

21.01.2022
0

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы республиканың бірқатар арнайы экономикалық аймақтары үшін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтті.

Бұл сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, экономиканы қолдау және өңірлердің әлеуметтік проблемаларын шешу, арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА) жұмысына инвестициялар, технологиялар мен қазіргі заманғы менеджментті тарту үшін жасалды.

Өткен жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы аймағының қызмет түрлері кеңейтілді. Енді аталған АЭА мынадай жобалармен айналыса алады: жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіру; электр энергиясын беру және тарату; тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы; қонақ үйлер және тұруға арналған орындар қызметтерін ұсыну; жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару; демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызметтер.

Қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі — «Сарыарқа» АЭА. Онда дайын металл бұйымдары мен құрылыс материалдары: шарлы крандар, жылу оқшаулағыш құбырлар, отқа төзімді материалдар, жезден жасалған бұйымдар, дірілге және отқа төзімді бұйымдар шығарылады.

Енді «Сарыарқа» АЭА-да істен шыққан көлік құралдарын, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машиналарын, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарын жинап, өңдеп және қалдықтарды жойып, қалпына келтіре алады.

«Qyzyljar» АЭА қызмет түрлерінің толықтырылған тізбесіне ағаш массасы мен целлюлоза; қағаз және картон; гофрокартон; қағаз және картон ыдысы; шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдары; фармацевтикалық өнімдер мен препараттар; ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі кірді.

Қызметтің басым түрлерінің тізбесі «TURKISTAN»АЭА-да да кеңейтілді. Объектілерге кешенді қызмет көрсету; аумақтарды абаттандыру қызметтері; жиһаз бен интерьер заттарын жөндеу; тамақпен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету; электрондық және оптикалық жабдықтарды жөндеу; басқа топтамаларға енгізілмеген ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласындағы өзге де қызмет түрлері қосылды.

Бұдан басқа, » Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі», «Ақтау теңіз порты», «Сарыарқа», «Тараз химиялық паркі» және «Павлодар» АЭА-да  қызмет түрлері «Көп бейінді аурухана құрылысы және пайдалануға беру» тармағымен толықтырылды.

Сонымен қатар, өткен жылы бірнеше АЭА аумағы ұлғайтылды. «Сарыарқа» АЭА ауданы жылу электр станциясын және ферроқорытпа мен кокс өндіретін зауыттар салу үшін 345,5 га-ға өсті. «Qyzyljar» АЭА-на қағаз және қағаз өнімдерін өндіретін зауыт салу үшін 15 га қосылды. «Астана — Технополис» АЭА 83,7 га-ға ұлғайып, оның аумағында теміржол машина жасау кластері құрылды. Кезінде жеңілдіктер құрылыс индустриясына қатысушыларды қызықтырып, қысқа мерзім ішінде көптеген тұрғын үйлер және әлеуметтік объектілер салынды. Елорданың сол жағалауында жаңа әкімшілік-іскерлік және мәдени орталық құрылды.

Анықтамалық:

Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 АЭА жұмыс істейді. 2002 жылдан бастап оларда 307 жоба іске асырылып, 21 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. АЭА-тың ерекше мәртебесінің арқасында кәсіпорындарда 30-дан астам жаңа өнім түрлері, оның ішінде оптикалық құрылғылар, түнде көру аспаптары, бронетранспортерлер, локомотивтер, жолаушылар вагондары, премиум-класты құбырлар, мақта целлюлозасы, полипропилен жіптер және т. б. шығару жолға қойылды.

АЭА қатысушылары үшін бизнесті мемлекеттік қолдау түрінде бірқатар жеңілдіктер жасалды. Атап айтқанда, резиденттер корпоративтік, жер және мүлік салығын төлемейді. АЭА аумағында сатылатын тауарлар үшін қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 0-ге тең. Жер учаскелеріне барлық қажетті инфрақұрылым тартылады. Учаскелер АЭА режимінің барлық кезеңіне тегін беріледі. Қатысушылар жалдау және жер салығын төлеуден босатылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.