• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

XXIV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ КЕҢЕС ӨТТІ

20.01.2022
0

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Бейжіңде (Қытай) өтетін XXIV қысқы Олимпиадаға дайындық барысы туралы кеңес өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз қызметі.

Алқалы жиында Дәурен Абаев қысқы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың алдында тұрған бірқатар міндеттерді белгіледі.

«Еліміз үшін осындай қысылтаяң шақта біз спортшыларымызға алдағы ақ Олимпиадада допингсіз, дау – жанжалсыз лайықты дәрежеде өнер көрсету міндетін қойып отырмыз. Әрине әр спортшы жеңіске жету жолында бар күш-жігері мен шеберлігін көрсететіні анық. Біз спортшыларымыздың кез- келген жетістігіне қуанамыз. Бұл үшін мемлекет қолынан келгеннің бәрін жасады: спортшыларды даярлау, сапалы жаттығу процесі, жиындар мен біліктілік жарыстарына қатысу қаржыландырылды», — деді Мәдениет және спорт министрі.

XXIV қысқы Олимпиадаға дайындық мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда барлық шеберлікті шыңдап, біліктілікті артыратын және рейтингтік жарыстар аяқталды. Қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен 82 лицензия жеңіп алды.

Шаңғы жарысында 30 жолдама бар. Спортшылар фристайл бойынша 9 жолдаманы жеңіп алды, оның ішінде могул түрінен 5, акробатикадан 4. Сонымен қатар қазақстандық конькишілер 12 жолдаманы иеленсе,  биатлоннан 12 жолдаманы еншіледі. Шорт-тректе Қазақстанда 9 жолдама бар. Тау шаңғысы спорты бойынша 4 жолдама және шаңғымен трамплиннен секіру спортында да 4 жолдама сондай-ақ шаңғы қоссайысы бойынша қазақстандық команданың 2 лицензиясы бар.

«Бүгінгі таңда олимпиадалық команда құрамына барлығы 32 спортшы кірді. Қазір ҰОК халықаралық федерациялардан биатлон, шаңғы жарысы, могул және акробатика сияқты лицензияларды қайта бөлу нәтижелерін күтуде. Олимпиадаға қатысушылардың толық тізімі 20 қаңтардан кейін жарияланады. Қазақстан Олимпиада құрамасының формасы 20 қаңтарда таныстырылады. Бейжің-2022 ойындарына қатысу үшін олимпиадалық жабдықтар дайындау жұмысы бір жылдан астам уақытқа созылды.

Жақында жарыстарын аяқтағандар Бейжіңге кетер алдында карантинге жатқызылады. Барлық атлеттер кешенді-ғылыми топ мамандарының үздіксіз бақылауында. Спорттық күнтізбеге дайындық, жарыстарға қатысу, шетелдік жиындар мен жарыстар, соның ішінде елдегі халықаралық жарыстар –осы жағдайлардың барлығын Мәдениет және спорт министрлігі және ҰОК атқарды.
Енді спортшылар үшін жауапкершілікке толы кезең басталды. Қазақстандық жанкүйерлер біздің команданы барынша қолдайды, деп үміттенеміз», — деді Андрей Крюков.

Сондай-ақ ол ұйымдастырушылардың олимпиадашыларға қоятын талаптарына тоқтала келе, Олимпиадаға қатысушылардың қозғалыс пен жүріс-тұрыс ережелері Қытаймен шекараны кесіп өтпес бұрын арнайы қатаң реттелгенін айтты.

Ойындар кезінде олимпиадалық аумақтағы барлық қатысушылар күн сайын коронавирусқа тест тапсыруы керек және олардың орналасқан жері жазда Токиодағы ойындардағыдай ұялы телефонға орнатылған арнайы қондырғы арқылы бақыланады.

Айта кетейік, Олимпиадаға әлемнің 95 елінен 4000-нан астам спортшы қатысады, деп жоспарлануда. Жарыс бағдарламасында спорттың 7 түрінен, 15 спорттық пән бойынша 109 медаль ойнатылады.

Жарыс үш негізгі жерде – Яньцин, Чжанцзякоу және Бейжіңде өткізіледі. Құрама 27 қаңтарда Air Astana әуе компаниясының чартерлік рейсімен Hұp-Сұлтан қаласынан шығып, Алматы қаласына аялдап, Қытайға ұшады. Бейжің Олимпиадасы  4 ақпанда басталады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте экологиялық ахуалды жақсарту және ауа сапасын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Қаланың өркендеуі тек жаңа ғимараттар мен жолдардың, өндіріс орындары...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК КАРТАСЫН ӨЗГЕРТЕТІН ЖАҢА ЖОЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте қаланың көлік-логистикалық жүйесін жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағын айналып өтетін ұзындығы 50 шақырымдық жаңа автожолдың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.