Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің Қорғаныс министрі болып Руслан Жақсылықов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жаряиланды.
«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын» делінген Президент Жарлығында.
Руслан Фатихұлы Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысында туған.
И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірген. Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы. 1996— 2006 жылдары ҚР ИМ ІӘ жеке құрама бастығының орынбасары — штаб бастығы, жеке жедел, арнайы моторландырылған полк, құрама командирі сияқты әртүрлі кызметтер атқарды. 2006- 08 жылы ҚР ИМ ІӘ Қолбасшысының орынбасары, бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы болды. 2008 жылдың 4 қыркүйегінен ҚР ИМ ІӘ Қолбасшысы болып тағайындалды. КСРО, ТМД және ҚР марапатталған.
2021 жылы 29 қыркүйегінде жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған болатын.