16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне және 9 желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен форум өтті. Іс-шараға өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ және ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджерлері мен департамент қызметкерлері қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша атқарылған жұмыстарды қоғамға кеңінен жеткізу. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосқан азаматтар марапатталды.