Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте білім жүйесінің автоматтандырылған нұсқасы ұсынылды
    Жаңалықтар

    Шымкентте білім жүйесінің автоматтандырылған нұсқасы ұсынылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.11.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкенттегі «Фронт офис» орталығында білім беру саласындағы реформалар туралы жиын өтті. «Білім жүйесін автоматтандыру» тақырыбында ұйымдастырылған шараға «Мектепішілік электронды бақылау жүйесі» SCC компаниясы мен «Баланы балабақша мен 1 сыныпқа электронды түрде орнату мен қабылдау жүйесі» КДС Азия компаниясының және «Мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесі» IT-invest group компаниясының өкілдері қатысып, өз жобаларын таныстырды.
    Естеріңізге салар болсақ, Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сәйкес, қаланың білім беру мекемелерінде мектепішілік электронды бақылау жүйесін, балабақша мен мектептің бірінші сыныбына баланы электронды түрде орнату жүйесін, және мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесін ендіру мақсаты қойылған болатын.
    Мектепішілік электронды бақылау жүйесі оқушы-ата-ана-мектепті қамтыған үш жақ арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың оқу үлгеріміне, мектептен тыс уақытын бақылауға оң септігін тигізеді деп күтілуде.15003333_1814885602091132_3683218159247237843_oБалабақша мен мектептің бірінші сыныбына баланы электронды түрде орнату жүйесі арқылы, ата-аналарға, барлық мектептер мен мұғалімдер туралы мағлұматты бір тізімде көру және салыстыру арқылы ең тиімділеріне өтініштерін электронды түрде беруге және бақылауға болады. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларын тұрғылықты тіркелу мекен-жайына тәуелсіз түрде, қалауындағы мектепке арнайы бөлінетін квоталық орындарға түсіру мүмкіндігі туады. Әрі, ізденушінің тұрғылықты тіркелген мекен-жайына қарасты мектепті анықтау мүмкіндігі беріледі.
    Мұғалімдерді тағайындаудың электронды жүйесі арқылы үміткерлер, мектептерде пайда болған бос орындарға өтініштер мен тиісті құжаттарын электронды түрде тапсыра алады. Осы арқылы бос орындардың саны мен үміткерлердің тізімі электронды порталда жарияланатын болады. Жүйе арқылы үміткерлердің бос орынға тағайындалу конкурсының ашықтығы қамтамасыз етіледі.
    Енгізіліп жатқан инновациялық жүйелердің қолданылуы, қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер тарапынан, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсететін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қазан айында ашылған «Фронт-офис» қызметінің аясында жүзеге асырылатын болады.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.