2021 жылғы, 7-қарашада Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидат Сүйесінов Мақсат Сайлауғазыұлы Көкжыра ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылғы, 8-қарашадағы шешімімен 2021 жылғы 7-қарашада өткізілген сайлауда Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округінің әкімі болып сайланған Сүйесінов Мақсат Сайлауғазыұлын тіркеді.
Мақсат Сүйесінов 1986 жылы, 6-желтоқсанда Ақсуат ауылында туған. Үйленген, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
2008 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген. 2008-2012 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және мемлекеттік құқықтық бөлімінің статисі, 2012-2014 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімінің нұсқаушысы, 2014 жылы жалпы бөлімнің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, 2014-2017 жылы Тарбағатай ауданы әкімінің көмекшісі, 2017-2019 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылы Аягөз ауданы әкімінің көмекшісі, 2020-2021 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы.
Бүгінгі күнге дейін Тарбағатай ауданы әкімінің көмекшісі қызметін атқарып келген болатын.
АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...