• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛДІ ОНЛАЙН-КОНТЕНТ ЖАСАУШЫЛАРДЫҢ V ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

05.11.2021
0

QAZFORUM қазақ тілді онлайн-контентін жасаушылардың «Қазақ тілді интернет: жаңа шындықтар мен сын-қатерлер» тақырыбындағы V форумының ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің баспасөз қызметі.


Форум жұмысын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева мен АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша Сенімді өкілі Джуди Куо ашты.
Іс-шара АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі ұйымдастыруымен ҚР мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуының қарсаңында өтуде.

Министр өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілінде сапалы контент жасау – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.


Атап айтқанда, бүгінгі таңда мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тілді контенттің үлесі шамамен 80%-ды құрайды. Егер 10 жыл бұрын мемлекеттік тілде ақпарат тарататын 6 сайт болса, бүгінде жағдай мүлдем басқаша. Жылдан жылға қазақ тілді интернет-порталдардың саны да, оқырмандар саны да өсуде. Соңғы 2 жылда 46 жаңа сайт ашылды.

Сонымен қатар, Министр А.Балаева қазақстандық журналистердің одан әрі кәсіби өсуі қажеттігіне назар аударды. Ол өз сөзінде Министрлік жанынан бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын қазақ тіліндегі контентті талдайтын жұмыс тобы құрылғанын айтты.


«Көптеген ақпарат сайттары мәліметті қысқа әрі жеңіл жазуды таңдайды. Сондықтан бүгінде «Интил» («Intil») жазу формасы ұғымы пайда болды. Десе де жылдам ақпарат таратуды ғана ойлайтын сайттарда көп жағдайда тіл тазалығы болмайды. Мұның өзі, бірінші кезекте қазақ тілін интернет арқылы оқып үйренетін өскелең ұрпаққа кері әсер ететіні анық. Бұл ретте, биыл қыркүйек айында біздің Министрліктің қолдауымен елімізде алғаш рет «Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігі» жинағы әзірленді. Аталған кітапта қате қолданылып жүрген 3,5 мыңнан астам сөз тіркестері анықталып, 2 мыңнан астам нақты мысал берілген», — деді А.Балаева.

Сонымен қатар, А.Балаева бүгінгі ғаламдық цифрландыру заманында интернет әлемдік дәстүрлі медианың өзгеруіне зор ықпал етіп жатқанын айтты.

«Бұл әсіресе былтыр орын алған пандемия кезінде айқын білінді. Түрлі әлеуметтік желілер, «WhatsApp», «телеграм-арналар», «YouTube» пен «Тik-Ток» қосымшалардан тараған жалған ақпараттардан қоғамда «инфодемия» мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Сондықтан біз дер кезінде шешім қабылдап, Stopfake.kz порталын іске қостық. Қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын сайт бүгінге дейін қоғамды әбігерге салған 2000 мыңға жуық фейк ақпаратты жоққа шығарды. Соңғы аптадағы сайттың қаралымы 66 мыңнан асады. Бұл орайда, бүгінгі журналистер «фактчекинг» талабын үнемі есте ұстауы қажет», — деді Аида Балаева.

Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден астам маман қатысуда. Қатысушылар қатарында медиа-сарапшылар, блогерлер мен журналистер, БАҚ бас редакторлары мен бірінші басшылары, digital-сарапшылар мен жаңа контент жасаушылар бар.
Естеріңізге сала кетейік, QazForum қазақ тілді онлайн-медианы дамытуға, сапалы контентті арттыруға және интернет желісінің қазақ сегментіндегі өзекті мәселелерді шешу жолдарын іздеуге бағытталған бірегей алаң болып табылады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.