• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 19, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4,1 МИЛЛИОН ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ӘЗІРЛЕНДІ

02.11.2021
0

 Биыл қуаңшылық Батыс өңірлерімен қатар Түркістан облысының Келес, Сарыағаш аудандарының алқаптарына да кері әсерін тигізіп, табиғи шөп бітік шықпады. Алайда Түркістан өңірінде биыл егістікті әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде үлкен шығындардың алдын алуға мүмкіндік туып отыр. Облыста мал азығы дақылдарының көлемі 4 мың га ұлғайып, 216,8 мың гектарға орналастырылды. Нәтижесінде биыл облыстағы мал басына қажетті 3,9 млн. тонна мал азығын дайындау туралы жоспар артығымен орындалды.

Жүйелі жоспар мен диқандардың еңбегі арқылы 4,1 млн. тонна (108%) мал азығы жиналды. Атап айтсақ, 2,1 млн. тонна жоңышқа, 195,1 тонна сабан, 103,2 мың тонна пішендеме, 1,7 млн. тонна шөп және 39,1 мың. тонна сүрлем әзірленген.

Бұдан бөлек, орман қорындағы жайылым алқаптарды шаруалардың уақытша пайдалануына беру жұмыстары қолға алынды. Әкімдіктің ұйымдастыруымен Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал, Төлеби аудандары Шардара, Отырар аудандарының орман қорындағы жайылым жерін және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жайылымдарын пайдалану туралы меморандум жасалынды. Осы арқылы 736 агроқұрылымға 842,1 мың га жайылым жер, шөп шабу үшін 47 агроқұрылымға 3 мың га шабындық жер берілді.

Биыл 216 мың га жерге егілген астықтың әр гектарынан 15 центнер өнім алу жоспарланды. Алайда жауын-шашынның аз түсуінен әр гектардан 10 центнер өнім түсті. Облысқа 742 мың тонна мал азықтық жем қажет болса, жинақталғаны – 426,3 мың тонна немесе 60%. Қосымша 158 мың тонна жем жиналады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар аудан, қалалардағы 2244 агроқұрылымнан 56 мың тонна азықтық жемге сұраныс түсті. Осы сұранысты орындау мақсатында Ақмола, Қостанай Солтүстік Қазақстан және т.б өңірлерден (бидай, кебек, арпа) сатып алу үшін операторлар белгіленді. Түркістан облысына азықтық жемді жеткізетін 5 бекет анықталды. Олар Шымкент, Сарыағаш, Түркістан қалалары және Түлкібас, Отырар аудандарының темір жол бекеттері.

Жемді жеткізу үшін тасымалдау шығынын 75% жеңілдетілген бағамен жеткізу бойынша облыс әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арасында келіссөз жүргізілуде.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау мақсатында 2021 жылы жергілікті бюджеттен 8195,3 млн теңге қаралған. Оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 5 177,8 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға 3 017,5 млн. теңге жоспарланған. Бұл мемлекеттік қолдау мал шаруашылығын тұрақты дамытуға және мал азығымен қамтамасыз етуге үлес қоспақ. Сонымен қатар аудан, қала әкімдеріне қысқа қажетті мал азығымен толық қамтамасыз етуге және шөптің бағасын көтермеу бойынша тапсырмалар беріліп, қысқа дайындық жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, биыл облыстың ерікті жастары, кәсіпкерлері, жанашыр тұрғындары мен «Nur Otan» партиясының өкілдері Түркістан облысы әкімдігінің бастауымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қолдауымен өңірімізден Маңғыстау облысына 100 вагонға жуық шөп жіберді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Бүгінде Көне шаһарда Бес сусағынан өнер өрілген шеберлер мәдениғт пен өнерді дәріп қала мәдениетін одан әрі көркейтуде. Ұлттық қолөнерді жаңа...

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген Энергетика, Қаржы, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қала кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты мемлекеттің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында...

АССАМБЛЕЯ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ІРГЕТАСЫ

АССАМБЛЕЯ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ІРГЕТАСЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жұмыс сапарымен Шымкентке келді. Әзілханов алдымен Достық үйінде ассамблея құрылымдарының басшыларымен және қаланың...

ҚАУІПТІ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

ҚАУІПТІ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Биыл Шымкентте жануарлардан жарақат алған екі мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 1343....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.