• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫ ҚАНДАЙ ЕРЕКШЕЛІКПЕН ӨТЕДІ?

28.10.2021
0

Келер, 2022 жылы 4-20 ақпан аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды. Төрт жылда бір келетін басты бәсекенің ресми ашылуы 4 ақпанда өткенімен керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталады. Бейжіңде 7 спорт түрі бойынша 15 санатта 109 жарыс өткелі тұр. Бұл қысқы Олимпиадалар тарихында бұрын соңды болмаған жайт, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Олимпиаданың ресми медальдары

«Tонг Ксинь», қазақша «біз бірге — біртұтаспыз» деп аталатын бұл жүлделер «Бірге ортақ болашақ үшін» атты салтанатты іс-шарада таныстырылды. Үш жүлде де 2008 жылғы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада медальдарына ұқсата жасалған. Бұл Бейжің – жазғы және қысқы Олимпиаданы қатар өткізген бірінші қала екенін аңғартады.

Талисман

Beijing 2022 талисманы «Бин Дуньдунь» деп аталады. Қазіргі қытай тілінде «бин» сөзі бірнеше мағына береді. Ең алдымен «мұз», сонымен бірге «тазалық», «күш» деген мағынасы бар. Ал «Дуньдун» сөзі «дені сау», «күшті» және «көңілді» дегенді білдіреді. Бір қызығы, бұл сөз балалар туралы сөйлескенде жиі қолданылады екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Олимпиада тұмары – бұл қатысушылар мен көрермендерге қуаныш сыйлайтын қысқы спорт түрлерінің елшісі. Ол спортшылардың күші мен ерік-жігерін бейнелейді.

«Бин Дуньдунь» скафандрға ұқсас мұздан жасалған кастюм киген. Талисман авторы Цао Сюэ мен ұйымдастырушылар осы арқылы шексіз мүмкіндік сыйлайтын жаңа технологиялар мен болашақты көрсетуге тырысқан. Мұз костюміндегі панда спортшылармен бірге коньки, шаңғы және сноуборд тебе алады. Сол аяғындағы жүрек олимпиаданың барлық қатысушысы мен көрерменіне деген Қытайдың қонақжайлылығын білдіреді. Айта кетейік, Бейжің-2022 ұйымдастыру комитеті жариялаған байқауға Қытайдан ғана емес, тағы 35 елден 5800 талисман эскизі келіп түскен.

Спорт нысандары

Бейжің – жазғы және қысқы Олимпиаданы қатар қабылдайтын алғашқы қала. Келер жылы қысқы спорт түрлерінен жарыс кезінде 2008 жылғы жазғы Олимпиада кезіндегі бірнеше спорт нысаны қолданылады. Қаладағы нысандар үш кластерге – Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоу болып бөлінген.

Алғашқысында мұз спорт түрлерінен жарыстар мен ойындардың ашылу-жабылу салтанаты өтеді. Ұлттық стадион, Бейжің ұлттық жүзу кешені, Бейжің мемлекеттік спорт сарайы, «Укэсун» спорт орталығы (шайбалы хоккей), Ұлттық конькимен жүгіру стадионы (конькимен жүгіру), 2008 жылы волейбол бәсеесі өткен астанадағы спорт сарайы, «Биг-эйр Шоген» трамплині мен Олимпиада ауылы Бейжің кластеріне кіреді.

Ал қаладан 75 шақырым жердегі таулы Яньцин кластерінде тұрған Ұлттық шана-бобслей орталығы, Ұлттық тау шаңғысы орталығы, Яньцин олимпиада ауылы спортшылар мен жанкүйерлерге есігін айқара ашпақ.

Чжанцзякоу кластерінде Ұлттық биатлон орталығы, Трамплиннен секіру ұлттық орталығы, Ұлттық шаңғы орталығы, Гентин қар паркі (фристайл, сноуборд), Чжанцзякоу олимпиада ауылы бар.

Эмблема

Суретші Лян Цюань Чжэн жасаған Олимпиада эмблемасы Қытайдың дәстүрлі және заманауи мәдениетінің элементтерін біріктіреді. Сонымен қатар қысқы спорт түрлеріне деген сүйіспеншілігін білдіреді. Логотип Қытайдың «қыс» иероглифіне негізделген. Жоғарғы бөлігінде эмблема конькимен жүгірушінің бейнесіне, төменгі бөлігінде шаңғышының силуэтіне ұқсайды. Ұшатын лента Қытайдың тау жоталарын, спорт нысандарын білдіреді. Көк түс арманды, болашақты, мұз бен қар тазалығын аңғартады. Қызыл және сары – Қытай туының түсі, олар ұмтылысты, жастықты және өмірлік энергияны суреттейді.

Ұран

Together for a Shared Future (Бірге ортақ болашақ үшін) – Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен Паралимпиаданың ресми ұраны. Ұран жаһандық проблемаларды жеңуде бүкіл адамзат үшін ортақ болашағы бар ойындар мен қоғамдастықтың күшін бейнелейді. Бұл сөздер бүкіл әлемде жарқын болашақ үшін, соның ішінде коронавирус пандемиясы кезіндегі қиындықтарды ескере отырып, бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігін көрсетеді. Ұранды таңдау былтыр мамыр-қыркүйек айларына дейін созылды. Осы уақыт ішінде Бейжің-2022 ұйымдастыру комитеті Қытай университеттерінің 79 ұсынысын жинады. Әр түрлі саладағы сарапшылар қысқа тізімге енген 11 нұсқанының ішінен осыны таңдады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.