• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Сәуір 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

«ТАРАЗ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

09.10.2021
0

Түркі өркениетінің ошағы, тарихы терең Тараз – тек еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Мұны айғақтайтын тарихи негіздер, мазмұнды мысалдар жетерлік. Бұл туралы облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық ғылыми конференцияда жан-жақты айтылды.

Жиынға отандық және АҚШ, Түркия, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан елінен келген ғалымдар қатысты.

Аймақ басшысы ауқымды шараның маңыздылығына тоқталып, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында көрсетілген ұлттық құндылықтарды, ерекшелігімізді саралай отыра, жалпытүркілік өркениеттің мәдени дамуы мен тарихи өркендеуіне тың тұжырымдармен үлес қосатынына сенім білдірді.

— Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, қазақ жерінде Жібек жолынан бері барлық карталарда келе жатқан екі қала бар. Бірі Тараз қаласы, екіншісі Жаркент. Елімізде ЮНЕСКО-ға енетін 11 объекті болса, соның 5-і Жамбыл облысында орналасқан. Осының өзі өлкеміздің тарихы терең екенін, күллі өркениеттің бастауы болғанын көрсетеді.

Конференцияның тақырыбы «Тараз және Түркі өркениеті» деп аталуы тегін емес.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы облысымызға іссапары барысында біздің Тараз қаласын Түркістан қаласына туристік серіктес ретінде қалыптастыру туралы ұсынымызға, «Тарихы терең Тараз» атты мәдени бағдарламасына өз қолдауын білдірді. Бұл Тараз қаласының тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дамуының жаңа кезеңі болады деп сенеміз.

Түркі халықтарына ортақ бұрыннан келе жатқан екі жазу бар екенін белгілі. Оның бірі Орхон-Енесей жазулары болса, екіншісі Талас жазулары.  Түркістан ер түріктің бесігі болса, тарихы терең Тараз Түркі өркениетінің ошағы,- деді облыс әкімі.

 

Халықаралық Түркі акдемиясының Президенті, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі ежелгі және кейінгі замандағы түркі өркениетіндегі ұрпақтар арасындағы сабақтастықты одан әрі нығайтудың жалпы ұлттық мақсаты – Ұлы Дала елін «Мәңгілік елге» айналдыру екендігін баса айтты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш көшпелі және отырықшы мәдениетінің мұрагері саналатын Тараз қаласы түбі бір Түркі әлемінің ішінде қастерлі қала, киелі орталық болып саналатынын тілге тиек етті.

Ал, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Тараздан шыққан белгілі Таразилерді түгендеп, олардың есімдері мен еңбектерін ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айтты. Сондай-ақ, балбалтастар музейін ашуды ұсынды.

— Түркі елінің алтын бесігі Алтай, орталығы Түркістан десек, дәл осы тізімде Тараздың да есімі ерекше айтылады. Өйткені осы жерде Ислам дінінің кең таралуына ықпал еткен оқиғалар орын алды. Бұны да әлемдік деңгейде әсіресе, түркі дүниесінде барынша насихаттау керек,-деді Б.Әбдіғали.

АҚШ-тан келген тарих ғылымдарының докторы, профессор Юлай Шәмілоғлы Қытай саяхатшысы Суан Цяньның  жетінші ғасырда Әулиеата өңірінде болып, жүргізген зерттеулерінен құнды мәліметтер келтірді. Сонымен қатар, Талас құрылтайының тағылымын тілге тиек етті.

Жапон ғалымы, «Нара» ұлттық мәдени мұра мен ұлттық мәдени құндылықтарды зерттеу институтының зертханалық археология секциясының директоры Садакатцу Кунитаке Жамбыл өңірінде жүргізген экспедициясынан ақпараттар бөліссе, қырғызстандық Түркология ғылымдарының РҺD докторы Негизбек Шабданалиев және тағы басқалар тағылымды пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, шетелдік ғалымдар халықаралық конференцияның жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған айтып,  ел тарихы үшін маңызды шара деп бағалады.

Аймақ басшысы басқосуда ғалымдар тарапынан көтерілген   барлық ой-ұсыныстар «Тарихы терең Тараз» атты мәдени бағдарламасында назарға алынатынын жеткізді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.