• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТОҚАЕВ ЖАҺАНДЫҚ САММИТТЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

23.09.2021
0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі 76-шы сессиясы аясында «Пандемияны тоқтатып, қайта жаңғыруды жақсарту» деп аталған COVID-19 пандемиясына қарсы күреске арналған Жаһандық саммитте сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде әлем соңғы онжылдықтарда денсаулық сақтау саласының бұрын-соңды болмаған ғаламдық дағдарысына ұшырағанын атап өтті. Соның салдарынан туындаған экономикалық қиындықтар теңсіздіктерді арттырды және ғаламдық қоғамдастықтың шарасыздығын көрсетті.

– Қалыптасқан жағдай жан-жақты әрі нақты шаралар қабылдауды талап етеді. Біздің басты міндетіміз – шұғыл түрде вакцинаға жаһандық қолжетімділікті арттыру болуы керек деп ойлаймын. Бұл ғаламдық этика мен бірліктің мәселесі. Өйткені вакциналарға қол жеткізудегі әділетсіздік халықтың денсаулығына нұқсан келтіріп қана қоймай, қоғамдағы алшақтықты одан әрі ұлғайта бермек. Біз вакциналардың екі миллиардтан астам дозасымен қамтамасыз етуге және денсаулыққа төнген жаһандық қатерлерден ұжымдық қорғанысты жақсартуға бағытталған жан-жақты күш жұмылдыруды құптаймыз. Дүниежүзілік «ұжымдық иммунитетке» үлес қоса отырып, Қазақстан QazVac вакцинасын жасау арқылы екпе ойлап тапқан әлемдегі алғашқы он елдің қатарына енді, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда QazVac коронавирустың дельта штаммына төтеп бере алатындай күшейтілгенін, бүгінде Қазақстан халқының 31 пайызы екпені толық алғанына тоқталды. Сонымен қатар азаматтарымыздың еркін таңдау жасауы үшін вакцинаның бірнеше түрі жеткілікті деңгейде ұсынылғаны туралы айтты.

– Осы саммиттің пайдалы идеялары мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін біз нақты ішкі жоспарларымыз бен міндеттемелерімізді әзірледік. Қазақстанда ұлттық биологиялық қауіпсіздік жүйесін құрудың заңнамалық негізі әзірленген. Біз халықаралық стандарттарға сәйкес келетін биологиялық қатерлерді болжауға арналған кешенді әрі жоғары технологиялық құрылым жасақтауға ұмтыламыз. АҚШ басшылығының күш-жігері мен Президент Байденнің «Әлемді жақсарту» жаһандық бастамасы аясында серіктестікті дамыту арқылы ұжымдық іс-қимылдарды қамтамасыз етуге ұмтылысын жоғары бағалаймыз. Сондықтан Қазақстан Сіздің ұсынып отырған міндеттерді бекіту туралы көзқарасыңызбен келісе отырып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін өз үлесін қосуға дайын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент тәжірибе мен ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, кешенді шараларды жүзеге асыру жөнінде бірқатар бастама көтерді.

– Біз ғаламдық деңгейдегі әлеуетті арттыруға назар аударуымыз керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы Алматы декларациясының негізгі қағидаттарын насихаттау қажет. Біз болашақта биологиялық апаттар мен дағдарыстардың алдын алу үшін күш біріктіруіміз керек. Осыны ескере отырып, былтыр мен Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастама көтердім. Барлық мүдделі тараптармен тәжірибелік консультациялар жүріп жатыр. Біз серіктестерді осы бастаманы қолдауға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаһандық туризм мен бизнеске COVID-19 пандемиясымен күресте көмектесу үшін вакцина сертификаттарын өзара мойындау бағытында жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті.

– Медициналық сертификаттар пандемиядан кейінгі кезеңде жұмысты қауіпсіз қайта қалпына келтіруге, экономиканың тез оңалуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Біз COVID-19 вакциналарына деген сенімді арттыру үшін әлеуметтік желілердің құралдарын қолдануымыз керек. Масс-медиадағы ғылыми негізделген ақпараттардың тапшылығынан қоғамда күмән немесе сенімсіздік бар. Біз халықтың вакцинаға деген сенімін арттыру үшін түсіндіру жұмыстарында нақты деректерге сүйенуіміз керек.

Біз шынымен де жақсы әлем құруымыз керек, сонымен қатар әділ, орнықты, экологиялық таза және ізгілікке негізделген «жаңа әлем» қалыптастырған абзал, – деді БҰҰ саммитінде сөйлеген сөзінде.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ...

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуі бұл жолы Әл-Фараби ауданында өтті. Қала басшысымен жүздесуге келген тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерді ашық...

БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Жаз мезгілінде балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін орындардың бірі – лагерь. Шымкент қалалық №2 Оқушылар сарайындағы «Қызық Life» жазғы...

БАЛА ЖҮРЕГІНЕН ШЫҚҚАН СЫЙ

БАЛА ЖҮРЕГІНЕН ШЫҚҚАН СЫЙ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкенттегі ерекше бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Креатив хаб орталығында ұйымдастырылған кездесуде балаларға сыйлықтар табысталып, олардың...

ЖАҢА ОҚУ КОРПУСТАРЫ АШЫЛАДЫ

32 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкентте биыл мыңнан астам тұрғын баспаналы болады. Қалада 32 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1200-ден аса пәтер ел игілігіне беріледі. Қазір...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.