Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордада жарияланды.
Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда дүниеге келген.
Білімі жоғары.
Еңбек жолы: 1995-1997 жж. — «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист. 1997 ж. — Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор. 1997-1998 жж. — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер. 1998-2006 жж. — «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері. 2007-2014 жж. – энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған. 2015-2020 жж. — «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары. 2020 жылдың 5 наурызынан бастап – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды