• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

АРЫСТА АЛҒАШ РЕТ ГЕМОДИАЛИЗ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

08.09.2021
0

Бүгін Арыс қаласындағы орталық аурухана жанынан гемодиализ орталығы ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев пен дәрігерлер және қала тұрғындары қатысты.

Жалпы 80 мыңға жуық тұрғыны бар Арыста бұған дейін мұндай орталық болмаған. Ал созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дертіне шалдыққан 40-тан астам азамат аптасына 2-3 реттен ең жақын орталық – 85 шақырым қашықтағы Шымкентке қатынап келген, — деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Орталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі екендігін айта келе, «медицина саласына инвесторларды тарта отырып, бұл бағытта озық технологиямен жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек» деп атап көрсеткенін еске салды.
«Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында біз бүгін облысымызға белгілі «Мед Алатау» көпсалалы медицина орталығының қызметін Арыс қаласында ұйымдастырып отырмыз. Ал науқастардың жанын шүберекке түйіп, ұзақ жол жүріп, Шымкентке барып-қайтуы оңайға соқпайтыны белгілі. Денсаулығы сыр берген жандарға көмек қолын созу үшін Президентіміз айқындап берген ұлт саулығы бағытындағы жоспарымызды іске асырып, бірқатар жерлестерімізге үміт отын сыйлап отырмыз», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Көпсалалы «Мед Алатау» медицина орталығы ЖШС-нің директоры Рүстем Әбдуалиевтің айтуынша, Арыс қаласында ашылған орталық бір мезетте 6 пациентті қабылдай алады. Науқастарға сапалы қызмет көрсету мақсатында арнайы Surdial-X (Niprocorp) аппаратын Жапониядан алдырған. Ал суды сүзгіден өткізіп, құрамын байыту үшін Германиядан қосымша құрал-жабдықтар әкелген.
«Мед Алатау» медицина орталығының емдеу ісі бойынша директордың орынбасары Бақтияр Сұлтанмұратов Арыс қаласындағы орталықта дәрігер, дәрігер-нифролог, хирург, кардиолог, лабораториялық зерттеу жұмыстарын жүргізетін мамандардан құралған ұжым гемодиализдік процедурадан бөлек, гемодиафилтрация, гемофильтрация және экстракорпоральді детоксикация сияқты емдеу шараларын да қатар алып жүруге қауқарлы. Сондай-ақ, бұл жерде кәсіби білікті нефрологтардан кеңес алуға болады.
Қала тұрғыны әрі аталған орталықтың алғашқы пациенттерінің бірі Үсен Жақыпбаев науқастарға осыншалықты көңіл бөлініп, жоғары деңгейде жағдай жасалып жатқанына көпшілік атынан алғысын білдірді.
«Біздің жағдайымызды түсініп, осындай игі істердің ұйытқысына айналып жүрген азаматтарға, қала әкімдігіне, дәрігерлерге шын көңілден алғыс алғысайтамын», – дейді ол.
Айта кетейік, орталықта Арыс қаласы мен қала маңындағы елді мекен тұрғындарына тіпті, Қазақстанның кез-келген азаматына тегін қызмет көрсетіледі. Науқастарды тасымалдау қызметі мен ас-сумен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешімін тапқан. Ең бастысы, дәрі-дәрмек тапшылығы мүлдем болмайды. Ал аталған қызметтерді тұтыну үшін азаматтар жеке басын куәландыратын құжатпен келсе, жеткілікті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.