2021 жылғы қаңтар-мамырда жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі 28,4 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 8,5% — ға жоғары, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Ең көп экспортталатын тауарлар:
* мақта-матадан жасалған төсек-орындары (4,1 млн. АҚШ доллары немесе 14,3%);
* жолақтардан, полиэтиленнен немесе полипропиленнен жасалған қалыптардағы өзге де қаптар мен буып-түю пакеттері (3,4 млн. АҚШ доллары немесе 12%);
* құрамында 85% және одан көп мақта бар мақта-мата иірімжібі (2,8 млн. АҚШ доллары немесе 10%);
* құрамында 85% немесе одан көп мақта бар мақта-мата (2,7 млн. АҚШ доллары немесе 9,5%);
* ылғал күйдегі ірі қара мал терісінен жасалған иленген былғары немесе былғары краст (2,4 млн. АҚШ доллары немесе 8,5%).









