Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Халық қалаулылары Франция Елшісімен кездесті
    Жаңалықтар

    Халық қалаулылары Франция Елшісімен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.10.2016199 Views

    Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Оңтүстікке іс-сапармен келді. Делегаттардың құрамында ынтымақтастық және экономика саласымен байланысты мамандар бар. Француздық өкілдердің біздің өңірге келудегі негізгі мақсаты инвестиция құятын кәсіпті анықтап, қандай саламен байланыс жасау керектігін нақтылау екен. Облыстық мәслихаттың депутаттарымен кездескен жиында осы мәселелер талқыға түсті.

     Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Әбілқасым Досболов пен бірқатар депутаттар мәжіліс залға белгіленген уақыттан бұрын жиналды. Франция елінің өкілдерін күтіп алып, қазақтың қонақжайлығын көрсету мақсатында. Басқосуда ең әуелі өңірдегі мәслихаттың құрамы мен жұмысы таныстырылып, бюджеттің қауқары баяндалды.

    Қазақстандағы халқы көп аймақ Оңтүстік. Осыны ескеріп келген мәртебелі меймандар шекаралас жатқан Өзбекстанмен қарым-қатынасты сұрады. Этно байланысқа қызығушылық танытқандарға достықтың мықты екендігі туралы жауап қатты. Франция мен Қазақстанның арасындағы тарихи байланыс ерекше. Әнші Әміре Қашаубаев, Мұстафа Шоқай табан тіреген мемлекетпен байланысты одан әрмен нығайту қажет. Бұған Созақ ауданында уран өндіріп жатқан «Катко» компаниясының көмегі болса деген ұсыныс болды.

    Депутаттар мұнан өзге шетелдік қонақтарға Оңтүстіктің мүмкіндігін түсіндіруге тырысты. Яғни инвестиция құятан кәсіпкерлер болса ауылшаруашылық немесе өзгеде бағыт бойынша әріптестік орнатуға әзір. Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін виза мәселесін алға тартты. Яғни алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап виза ұзақтығы 30 күнге ұзартылмақ. Осыны айта келе жерді жалға алу бойынша да бірнеше сұрақтарды көтеріп, Ақтөбе мен Париж қалаларында орын алған лаңкестік оқиға туралы да сөз етті. Әрине екі жақтың өкілдері тек ынтымақты алға тарттыimg_2910

    Жұмыс сапары екі күнге жалғасатын франциялық делегаттарға облыстың инвестициялық мүмкіндігі таныстырылған соң, Қазақстандықтардың тарапынан сый болды. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мүсіні табысталып, екі жақтың өкілдері бір-бірімен байланыс алмасты.

    Бағлан Байкөбекқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.