• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

МИНИСТРЛІК АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ЕНГІЗУДЕ

16.08.2021
0

14 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев пен Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев Мақан Есбулатоватындағы ІІМ Алматы академиясына барды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Әсет Исекешев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің құқық қорғау жүйесінде болып жатқан реформалаудың бір бөлігі ретінде жаңа форматтағы полицейлердің базалық мамандандырылған дайындық бағдарламасымен танысты.

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы кездесу барысында, жаңа еңгізілген жаңалықтарды ескере отырып, кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

– Біздің алдымызда үлкен міндет тұр – құқық қорғау саласында ауқымды реформа жүргізу және полиция жұмысын сервистік модельге көшіру. Бұған дейін ведомстволық білім беруді оңтайландыру жүргізіліп: 12 оқу орнының алтауы қалды. Өзгерістер жаңадан қабылданғанқызметкерлерді оқыту тәсілдерін жаңарту және жұмыстағы қызметкерлерді қайта оқытуды талап етеді. Өйткені кадрлар маңызды рөл атқаратын болады, – деп атап өтті Әсет Исекешев.

Кездесу барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев IT саласындағы, есірткі қылмысы, экстремизм және қаржылық қылмыстар бойыншабейінді мамандарды даярлау туралы айтып берді.

Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі орталықтың мамандандырылған кабинеті және ІІО басқармасы кафедрасының оқу аудиториялары көрсетілді.

– Қазіргі әлемде адамзатқа қажетті коммуникация мен өзара іс-қимылда интернет-ресурстары маңызды рөл атқарады. Алайда, бұндай мүмкіндіктер заңды мақсаттарда пайдаланыла бермейді. Сондықтан академияның өзекті міндеттерінің бірі – киберқылмысқа қарсы тиімді іс – қимыл жасауда кәсіби кадрлар даярлау, – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар академия бастығы Айдар Сайтбековтың баяндамасын тыңдады, ол оқу орнын дамытудың стратегиялық жоспары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, оқу процесіне ішкі істер органдары қызметкерлерінің барлық санаттарын – қатардағы қызметкерлерден бастап жоғары басшы құрамға дейін даярлауға бағытталған жаңа бағдарламалар енгізілген.

– Жыл басынан бері Алматы академиясында ІІО-ның, өзге де құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдардың бір жарым мыңнан астам қызметкері, докторанттар, магистранттар, тыңдаушылар мен курсанттар түрлі білім беру бағдарламалары бойынша оқытудан өтті. Ал өңірлік департаменттердің, ҚАЖК және басқа да бөлімшелердің басшылық құрамы өздерінің құзыреттерін неғұрлым қысқартылған үлгіде: құқықтық және қаржылық сауаттылықты, дағдарыстық және жобалық менеджментті, әкімшілік-шаруашылық қызметтің ерекшеліктерін, IT, HR-менеджментті, халықпен қарым – қатынасты, PR және шешендік шеберліктерін арттыру бойынша оқытылды, – деді Айдар Сайтбеков.

Қазіргі заман талабына сай оқыту бағдарламаларын дайындау мақсатында академия оқытушылары жыл сайын ІІО бөліністерінде тағылымдамадан, педагогикалық шеберлік мектебінде курстардан және шетелдік серіктестердің тренингтерінен өтеді.

Сондай-ақ ағылшын тілінде оқытуды енгізуге ерекше көңіл бөлініп, үш тілде оқытудың тиімді жүйесі әзірленді. Академия халықаралық ұйымдармен, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің ІІМ ЖОО-мен ынтымақтас, әрі халықаралық полиция академиялары қауымдастығының (INTERPA) және ТМД елдерінің ІІМ ЖОО қауымдастығының толық құқықты мүшесі болып табылады.

– Маусым айында Францияның Ұлттық полиция академиясымен ынтымақтастық туралы келісім жасалған болатын, сонымен қатар Оңтүстік Калифорния университетімен – SolPrice Мемлекеттік басқару мектебімен, халықаралық әкімшілік ғылымдар институтымен (Бельгия), Азиялық мемлекеттік басқару тобымен (Жапония), американдық Мемлекеттік басқару қауымдастығымен және IT саласындағы жетекші шетелдік университеттермен келісімдер жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп ІІМ Алматы академиясының бастығы баяндады.

Әсет Исекешев жоғары оқу орнының жүргізіп жатқан жұмысына баға беріп, білікті кадрларды даярлауға ерекше назар аудара отырып, полиция қызметін жетілдіру бойынша реформаларды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Polisia.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КӘСІПКЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ҚАРЖЫ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Шығармашылық идеядан басталады. Ал сол идеяны табыс әкелетін жобаға айналдыру үшін білім мен дұрыс бағыт қажет. Шымкентте осы мақсатты көздейтін...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.