Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің өкімімен Әбілсейт Рабаев қалалық құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әбілсейт Байсейтұлы 1981 жылы дүниеге келген, мамандығы бойынша – инженер, экономист.
Еңбек жолын 2002 жылы «Компания Ерке» ЖШС-нде оператор болып бастаған. 2009-2015 жылдары ОҚО жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында түрлі лауазымдарға қызмет етті.
Кейіннен Шымкент қаласы құрылыс бөлімінің басшысы, қалалық Құрылыс басқармасының басшысы, «Shymkent ӘКК» төрағасы болып қызмет атқарған.