Бүгін Түркіменстанның «Аваза» ұлттық туристік аймағында Орта Азия елдері президенттерінің саммиті аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстанның мəдениет жəне және өнер қайраткерлерінің қатысуымен арнайы концерт өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Орта Азия елдерінің мəдениет және өнер қайраткерлерінің концертіне еліміздің атынан танымал əнші, Қазақстанның Еңбек Ері, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайберген, «Витебсктегі Славян базары-2021» халықаралық өнер фестивалінің Гран-при иегері Рухия Байдүкенова қатысып, өнер көрсетті. Сондай-ақ ауқымды іс-шарада Өзбекстанның халық артисі, Қазақстан, Тəжікстан мен Түркіменстанның еңбек сіңірген артисі Юлдуз Усманова және көршілес мемлекеттердің танымал өнерпаздары, ансамбльдері өнер көрсетті. Айта кетейік, Димаш Құдайберген осымен екінші рет Түркіменстанда өнер көрсетіп отыр. Алғаш рет 2015 жылы «Мары – түркі əлемінің рухани астанасы» атты фестивальдің жабылу салтанатына қатысқан.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...











