• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

«МОДЕЛЬДІК ЦИФРЛЫҚ ФАБРИКАЛАР» -ҚАНДАЙ ЖОБА?

14.07.2021
0

Бүгінгі таңда елімізде Индустрия 4.0 технологияларын енгізуді ынталандыру мақсатында тәжірибелік әсерін көрсету үшін «Модельдік цифрлық фабрикалар» жобасы іске асырылуда. Жобаға қатысушы кәсіпорындар («Химфарм» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Евразиан Фудс» АҚ, «Алтыналмас АК» АҚ, «Карлскрона» ЖШС, «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС, «Бал Текстил»ь ЖШС) жалпы инвестиция сомасы 10,4 млрд теңгені құрайтын 49 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігініі баспасөз қызметі.

Мысалы, «Химфарм» АҚ фармацевтикалық компаниясы 6 жобаны іске асырды. «Ақылды техникалық қызмет көрсету» жобасы жабдыққа предиктивті қызмет көрсетуге, өндірістік қызметке зиян келтірмей жөндеу жұмыстарын жоспарлауға, сондай-ақ жұмыс пен қосалқы бөлшектер үшін қаражатқа қажеттілікті болжауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кәсіпорынның маңызды жобаларының бірі — «Power Map QA өнімдердің сапасын басқару» деп аталады. Бұл жүйе өнім сапасын арттыруға бағытталған. Өнімнің барлық циклында, яғни жеткізуден бастап және өндіріс кезінде материалдың сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

«KARLSKRONA LC AB» машина жасау зауытында 3 жоба пайдалануға берілді. CRM клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару жүйесі –тұтынушылармен жұмыс істеуде бірыңғай цифрлық экожүйе құру, сату, маркетинг және клиенттік қызмет көрсету салаларында ашықтықты арттырады.

Бұдан бөлек, өндіріс ошағында өнімді модельдеудің 3D жүйесі енгізілген. Аталмыш жүйе алдын-ала жасалған сызбаға немесе эскизге сәйкес объектінің үш өлшемді моделін құруға арналған бағдарламалық жасақтаманы қолдануға мүмкіндік береді. 3D модельдеу жобасы пайдалануға берілді. Қажетті лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету, модульдер мен компоненттер сатып алынып, қызметкерлер ProCAST жүйесін қолдануға оқытылды. Бүгінгі таңда жүйе кәсіпорында сәтті жұмыс істеп тұр.

«Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіру компаниясы «Цифрлық кеніш» жобасы аясында 12 жобаны іске асырып жатыр. Мысалы, Wencomine тау-кен жабдығын басқару жүйесі негізінде Ақтоғай жобасында Ашық тау-кен жұмыстарын диспетчерлеу нақты уақыт режимінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тұрып қалуына мониторинг жүргізуге, тиеу пункттері бойынша автосамосвалдарды оңтайлы бөлуге (қайта бөлуге), тұрып қалуын қысқартуға, сондай-ақ қызметкерлер мен техниканың негізгі көрсеткіштеріне (KPI) жан-жақты талдау мен бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, орталық қоймада штрихкодтау жүйесі енгізілген. MS Dynamics Axapta (кәсіпорын ресурстарын басқару жүйесі) бағдарламалық шешіміне негізделген қоймада штрих-кодтау жүйесін қолданады. Бұл нақты уақыт режимінде орталық қойма жұмысын бақылауға жол ашады.

Сонымен қатар, цифрландыру жобаларын іске асырудың оң әлеуметтік әсері бар. Мысалы, «Ақбақай» және «Ақтоғайда» ұйымдастырылған инфрақұрылым шеңберінде «Алтыналмас АК» АҚ жақын маңдағы елді мекендерді ғаламтор желісімен қамтамасыз етті. Бұл пандемия кезеңінде қашықтықтан білім беруге қиындықсыз көшуге және жалпы өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл жобаға қатысушылар алдағы уақытта өз салаларынан бөлек басқа бағыттарда да цифрлық технологияларды енгізудің драйверлеріне айналады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.