• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ҚАЗАҚСТАНДА АНА МЕН БАЛАҒА ҚАНДАЙ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ?

12.07.2021
0

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда ана мен баланы әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Өз сөзінің басында спикер балалы отбасылардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қорғау әрқашан елдің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда балалы 1,9 млн отбасы әлеуметтік жәрдемақы мен төлем алушылар болып табылады. Ана мен баланы әлеуметтік қолдау әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көп деңгейлі жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі және бюджеттен төленетін жәрдемақылардың 5 түрін және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін 2 төлем түрін қамтиды. Биылғы жылы бұл мақсаттарға 756 млрд теңге қарастырылған, бұл өткен жылғы шығындардан 19%-ға артық (2020 жылы – 635,3 млрд теңге)», – деді Асқар Ниязов.

Ол сондай-ақ базалық деңгейде мемлекет республикалық бюджет қаражаты есебінен бала тууға 110 846 теңгеден 183 771 теңгеге дейін біржолғы жәрдемақы алуға кепілдік беретінін атап өтті. 2020 жылы ол 52,3 млрд теңге сомасына 430,7 мың адамға төленді. 2021 жылы жәрдемақының бұл түріне 51,4 млрд теңге қарастырылған, 6 айда оны 186,8 мың адам 24,6 млрд теңге сомасында алды.

«Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы төлеу қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға – 16 802 теңгеден 25 962 теңгеге дейін арттырыла отырып, баланың туу кезектілігіне байланысты төленеді. 2020 жылы бұл жәрдемақыны 120,9 мың адам жалпы сомасы 31,7 млрд теңгеге алды, 2021 жылға 26,2 млрд теңге қарастырылған, оның 6,8 млрд теңгесі төленді», – деп толықтырды Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры.

Спикер сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізде 458 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұратынын еске салды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан берілетін жәрдемақы енгізілді. Төлемдердің мөлшері балалар санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 186 688 теңгеге (16 бала) дейін сараланған. Ағымдағы жылдың 6 айында бұл жәрдемақыны орта есеппен 141 млрд теңге сомаға 458,9 мың отбасы алды.

Көпбалалы аналардың абыройы мен беделін арттыру үшін «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы да тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері қазіргі уақытта 18 669 теңгені құрайды, оны 230,3 мың адам алады, жыл басынан бері оларға 25,8 млрд теңге төленді.

«Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен мүгедек бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы төленеді, жәрдемақы мөлшері 48 023 теңгені құрайды, бүгінде ол 92 мың отбасына 27,2 млрд теңге сомасында төленді. Мүгедектігі бар бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олардың қатарынан аса мұқтаж адамдарға бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтың күтіміне байланысты жәрдемақы төленеді, оның мөлшері 48 023 теңгені құрайды, бұл жәрдемақыны бүгінде 15 мыңнан астам отбасы 4,4 млрд теңге сомасына алды. Аталған төлем түрлері баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақыдан басқа жүзеге асырылатынын атап өткім келеді», – деді Асқар Ниязов.

Ол сондай-ақ жұмыс берушілер қаражаты есебінен түскен әлеуметтік аударымдар негізінде жұмыс істейтін әйелдерге арналған мемлекеттік жәрдемақылардан басқа, МӘСҚ-тан жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемдер тағайындалатынын хабарлады. Бүгінгі күні осы әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 540 мың теңгені құрайды (2020 жылы оны 203,1 мың адам жалпы сомасы 96,4 млрд теңгеге алды).

Бала туғаннан кейін МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша ай сайынғы төлемдер жасалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша оларды жалпы сомасы 106,4 млрд теңгеге 501,6 мың адам алды, бүгінгі күні орташа мөлшері 32 мың теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы жоғарыда көрсетілген әлеуметтік төлемдерге МӘСҚ қаражатынан 253,8 млрд теңге көзделген.

«Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін олардың 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді, бұл олардың зейнетақы жинақтарының ұлғаюына, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді. 2020 жылы республикалық бюджеттен МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алатын 87 275 адамның жеке зейнетақы шоттарына 5,7 млрд теңге аударылды. Осы жылға шамамен 7 млрд теңге қарастырылған», – деді спикер.

Асқар Ниязов мемлекеттік жәрдемақылар мен МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдерден басқа, жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау да көзделгенін атап өтті.

Мысалы, балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында барлық өңірлердің әкімдіктері балаларға сыйлықтар табыстай отырып, түрлі ойын-сауық және мәдени іс-шаралар өткізді.

«Жергілікті бюджет есебінен жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға жалпы сомасы 82,3 млн теңге материалдық көмек көрсетілді, табысы аз отбасылардың балаларына, көру қабілеті бұзылған балаларға 57,1 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Барлық өңірлерде ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылымдар, мерекелік концерттер, сондай-ақ балалардың қатысуымен спорттық жарыстар өтті», – деді Әлеуметтік көмек сасатын дамыту департаментінің директоры.

Ниязовтың айтуынша, көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді, мұның дәлелі 2020 жылы бала туу көрсеткішінің 426,8 мыңға дейін өсуі болып табылады. Бұл ретте үшінші, төртінші, бесінші және одан көп бала туған отбасылардың үлесі 48% — ды құрады.

Сондай-ақ, ол отбасын қамтамасыз ету және ананы әлеуметтік қорғау бойынша қолданыстағы заңнаманы талдау «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы» конвенцияда бекітілген халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін көрсетті. Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы қоғамдық пікірге жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша ұрпақты болу жасындағы және балалы отбасыларды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың тиімділігін оң бағалайтын халықтың үлесі шамамен 70% — ды құрайтыны анықталды.

Брифинг барысында Асқар Ниязов Қазақстанда қоғамда көтеріліп тұратын ана капиталын енгізу мәселесі бойынша түсініктеме берді.

«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ана капиталы уақытша шара болып табылады және халықтың табиғи кему процесін еңсеру үшін тууды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады. Ана капиталы өмір бойы бір рет немесе екі рет сертификат түрінде белгілі бір мақсаттарға беріледі, мысалы, бұған тұрғын үй жағдайын жақсарту, балаларды тәрбиелеу, мүгедектігі бар баланы қоғамға бейімдеу және біріктіру, ана зейнетақысының жинақтаушы бөлігі жатады. Сонымен қатар, сертификат иелері әрқашан ана капиталын пайдалана алмайды. Мысалы, тұрғын үй сатып алу үшін ипотеканы рәсімдеу кезінде соманы бастапқы жарна ретінде енгізу үшін төлем қабілеттілігін растау қажет, ал балаларды оқыту үшін мектепті бітіргенін күту қажет.

Біздің еліміздегі ана мен баланы қолдаудың қолданыстағы жүйесі өтелетін тәуекелдің бүкіл ұзақтығы ішінде жәрдемақыларды төлеудің уақтылығы мен кезеңділігіне кепілдік береді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда бала тууды арттыру мәселесі Қазақстанда проблемалық аспект болып табылмайды, өйткені 2020 жылы бала туу коэффициенті 3,13-ке жетті, ал халықтың өзін-өзі өсіруі үшін жеткілікті деңгей 2,1 болып табылады», – деп түсіндірді спикер.

Өз сөзінің соңында ол бала күтімі бойынша төлем мерзімін ұлғайту мәселесіне де түсініктеме берді.

«Әлеуметтік кодексті әзірлеу үшін құрылған жұмыс тобы аясында бұл мәселе бойынша түрлі тәсілдер пысықталуда. Оларды қарау қорытындысы бойынша, бюджет комиссиясы қолдау көрсеткен жағдайда, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясында жақсартылған норманы қарастыратын боламыз», – деді Асқар Ниязов.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.