Микробиологиялық зерттеулермен Мәскеу облысының «Эрман» ЖШС өндірген таңқурай және шоколад қосылған майлы «Эрмигурт» йогуртының және Ақмола облысының Есіл Сары май комбинатының «Снежок» қышқыл сүт өнімінің зең жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті.
Тамақ өнімінде зеңнің болуы үй-жайлардың антисанитариялық жағдайын, жоғары ылғалдылығын, тоңазытқыш камераларының залалданғанын және т.б. жағдайларды көрсетеді. Сүт өніміндегі зең тамақтан улануларды, сондай-ақ организмнің аллергиялық реакцияларын тудырады. Техникалық регламенттер талаптары бұзылуының анықталу фактілері бойынша Комитет сауда субъектілеріне қатысты іс-шаралар, оның ішінде қауіпті өнімді алып қою бойынша іс-шаралар жүргізуде. Аталған сәйкес келмейтін қауіпті өнім жөнінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарланды, өндірушілерге қауіпті өнімді өткізуге жол бермеу және бұзушылықтарды жою туралы хабарлама берілді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










