Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТКЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ
    Жаңалықтар

    АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТКЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.2016211 Views

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Әли Амантайұлы Көмекбаев тағайындалды.

    Әли Амантайұлы Көмекбаев — 1961 жылғы 21 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келді. Қазақ химиялық-технологиялық институтын (1988 ж.), К.Э. Циолковский атындағы МАТИ жанындағы салааралық біліктілігін арттыру институтын (1990 ж.), Мәскеу мемлекеттік авиациялық-техникалық университетінің аспирантурасын (1995 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін (1996 ж.), «Әділет» жоғары құқық мектебін (2000 ж.) бітірді.

    1978 жылғы желтоқсаннан 1980 жылғы қаңтар аралығында Шымкент қ. аудандық санэпидемстанциясында кочегар болып жұмыс істеді.

    1980 жылғы ақпан-сәуір аралығында Шымкент қ. электрмонтажды бұйымдар зауытында кесуші болып жұмыс істеді.

    1982 жылғы маусымнан 1983 жылғы шілде аралығында Томск электрмеханикалық зауытында (Томск қ.) жартылай автоматшының оқушысы, химиялық зертхананың лаборанты болып жұмыс істеді.

    1988 жылғы қыркүйектен 1990 жылғы тамыз аралығында Қазақ химиялық-технологиялық институтының МОПСМИК кафедрасында (Шымкент қ.) лаборант болып істеді.

    1992 жылғы қыркүйектен 1995 жылғы ақпан аралығында «Наурыз» жобалық-құрылыс және енгізу кәсіпорнында (Шымкент қ.) механик болып істеді.

    Мәскеу мемлекеттік авиациялық-техникалық университетінің аспирантурасында (Мәскеу қ..) және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы МБҰЖМ (Алматы қ.) оқуды аяқтағаннан кейін 1996 жылғы қазаннан 1998 жылғы наурыз аралығында Шымкент қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің 1 дәрежелі маманы болып істеді.

    1998 жылғы наурыз-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігі Әлеуметтік-экономикалық саладағы реформа департаментінің Мемлекеттік қызметті реформалау басқармасының бас маманы болып істеді.

    1999 жылғы наурыз-маусым аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Нормативтік-құқықтық жұмысы департаментінің заңнамалардың сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы болып істеді.

    1999 жылғы маусымнан 2000 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің Заңнамалардың сақталуын бақылау басқармасының бас маманы болып істеді.

    2000 жылғы сәуірден 2003 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша Аумақтық басқармасы бастығының орынбасары болып істеді.

    2003 жылғы тамыздан 2004 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарды.

    2004 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін абыроймен қызмет атқарды.

             Әли Амантайұлы 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры лауазымына, ағымдағы жылдың маусымынан бастап жаңа қызметке дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрінің Кеңесшісі лауазымына тағайындалған болатын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.