Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тасада қалған Тайманов…
    Жаңалықтар

    Тасада қалған Тайманов…

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.2016779 Views

    Халық ақыны, жыр  алыбы Жамбылдың шәкірті — Орынбай Таймановтың кесенесі қараусыз қалған. Осыдан 16 жыл бұрын жерлестері орнатқан күмбез қазір қирап, жетімнің күйін кешіп тұр. Аузымен құс ілген Кенен, Шашубай, Нұралы ақындармен есімі қатар аталатын Орынбай Таймановқа лайықты құрметтің болмауы- бүгінгі ұрпаққа сын.

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2016/10/сайт.mp4

    Елінің жәйін жырлап, «Боралдайдың бозторғайы» деп қадірлеген тау тұлғалы ақынның кесенесіне  апарар жолдың сыйқы осы. Ақжардың биігінде алты шақырымда жатқан баба басына бару үшін бірталай ой мен шұқырды теріп, санап барасың…

    Ия, өз заманында елдің елдігі мен бірлігін жырға қосқан ақынның биыл мерейтойы. Мерейін өсіріп, марқайтудың орнына, мән-жайды айтып, мәселе қозғамақпыз. Уақыт өзгеріп, заман әуені түзелген тұста Орынбай Таймановтың 125 жылдық тойы тойланып, мазарына күмбез орнатылды, жерлестердің әупірімдеуімен. Өкінішке орай, Орынбай ақынға құрмет сол тоқсаныншы жылмен  тәмәм болды.

    Қазақстанда Халық ақыны деген құрметті атаққа лайық болған үш ақын болса, соның бірі тап осы Тайманов. Тек үкілі домбырасын дүйім елдің еңсесін көтеруге арнаған ақынға салынған сағананың  қабырғасы түсіп, құлыптасы қирап жатыр. Бәйдібектің билік басындағылары болса,  қудан үшкір талант иесіне көз қырын салып, кесененің қабырғасын тіктейміз деп, сөзден сарай тұрғызып кетті.

    Алайда, айтылған уәденің ауылы алыстап барады бүгінде. Боралдайдың жарында жалғыз жетімсіреген ақынның аянышты кесенесі ұрпағын бір сәт өзіне көңіл бөлуге шақырғандай.

    Қазақтың айтыс өнерінде өз биігі бар Орынбай Таймановтың туғанына биыл-150 жыл! Жамбылдың ізбасары, жыр саңлағына жасалар ізеттің ізі түгілі, жұрнағы жоқ. Жай күнде жақсысын төбесіне көтеретін Бәйдібектіктер әзірге үнсіз. Ең болмаса облыстық мәдениет басқармасы бұған назарын  енді аударуы қажет-ақ. Киелі ауданның жаны жомарт  кәсіпкерлері де сен тимесең, мен тиме. Тойхана мен клубты көбейткенше, баба кесенесін  жөндеп жатсақ, арқалы ақынның жаны байыз табар еді. Өлі разы болмай, тірі байымайды. Өңірге басшы болып келген Жансейіт Қансейітұлы да жыр алыбы Жамбыл тамсана таңданып, Тауқұдірет атанған ақынның туған топырағынан. Өзінің қазақы болмысымен қарапайым тұрғысынан танылып жүрген Түймебаев тасада қалған Тайманов әруағының  бір аунап түсуіне септігін тигізер. Ал ең бастысы, көзден кетсе де көңілден кетпеу керек тау тұлға бір ауылдың емес, бүткіл қалың қазақтың арқалы ақыны екендігін естен шығармай, өскелең ұрпаққа өнеге ету керек-ақ.

    Гүлжан Нұрланқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.