Мөлдір Тұрсынбекқызы 1985 жылы ОҚО Төлеби ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Тарих және құқық негіздері» факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент университеті «Тарих және география» кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Шымкент қаласының Ішкі саясат бөлімінің әкімшілік және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс секторының жетекші маманы, бас маманы, ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2016-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.