Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.2016244 Views

    Кеше облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары басшыларымен және облыстық  этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу жиыны өтті.

    Өңірдегі мемлекеттік этносаясаттың жүргізілу барысымен танысып, қатысушылардың  ұсыныс, пікірлерін тыңдаған аймақ басшысы алдағы кезеңдерде облыстың өсіп-өркендеуі жолындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру жайын айтты.

    «Әрбір этнос біздің байлығымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қазынаның қорғаны. Аталған ұйымның жұмысын шетелдерден келіп үйреніп, тәжірибе алмасып, өз пайдаларына  жаратып жатқан мемлекеттер бар. Қиын қыстау кезеңде қазақ халқы жер аударып келген түрлі этностарды бауырына басты. Бүгінде біз бір ел – бір халық болып, бір мақсатта жұмыс атқарып келеміз»,-деді Ж.Түймебаев.

    Жиын барысында Төраға орынбасары биылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚХА енгізілген  жаңа функционалдық бағыттар бойынша яғни, қайырымдылықты үйлестіру,  қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңестерінің қызметі және медиация желісін дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады.

    «Ассамблея филиалдарын аудандардан ашу алғаш Оңтүстікте қолға алынды. Бүгінде бұл жұмыстың тиімділігін ескерген ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы оңтүстікқазақстандық тәжірибені республиканың басқа өңірлерне енгізе бастады», — деді М.Қалмұратов.

    Сонымен қатар, кездесуде бірқатар этномәдени бірлестіктердің  төрағалары қазақстандық біртектілікті қалыптастыру сынды асыл міндетті іске асыруда жеткен жетістіктері мен оны әрі қарай дамыту бойынша атқарылатын жұмыстарды мәлімдеді.

    Бүгінде ұлысымыздың ұйытқысы атанған Оңтүстік өңірінде 100-ден астам түрлі этнос өкілдері өмір сүреді. Ал облыста 20 этномәдени бірлестігі жұмыс жасайды. Олардың аудандар мен қалаларда 51 филиалы мен 17 жастар қанаты, 11 жексенбілік мектептері бар. Өңірде жыл сайын әр этномәдени бірлестік өзінің тілі, мәдениеті және дәстүрі күндерін атап өтуде.  Сонымен қатар, белсенді этнос өкілдері жыл сайын облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығымен марапатталуда.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.