Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды
    Жаңалықтар

    Мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.2016141 Views

    Бүгінде мемлекеттік қызметте әрбір адамның жұмысын бағалау жүйесі енгізілген. Алайда оны бонустарды төлеу жүйесіне әлі қосқан жоқ. Аталған екі жүйені өзара үндестіріп, іске қосқаннан кейін барлық сыйақылар мемлекеттік қызметкердің жеке жетістіктеріне сәйкес төленетін болады деп xабарлайды ҚазАқпарат.

    «Негізі, мемлекеттік қызметте «13-ші жалақы» деген сыйақы жоқ. Үстемеақы мен сыйақы дегендер бар. Алайда қазіргі міндетке сәйкес, әрбір мемлекеттік қызметкердің жалақысы жұмыстың нәтижесі бойынша төленуі керек. Сол себепті бүгінде жаңа жүйе әзірленді. Оның аясында барлық бонустар еңбектің нәтижесі бойынша төленеді. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметте жұмысты бағалау жүйесі енгізіліп отыр. Оған сәйкес, әрбір қызметкердің жеке жылдық жоспары белгіленеді. Онда нақты мақсат-міндеттер жазылады. Соның нәтижесі бойынша бонустар төленеді», — дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мемлекеттік қызмет департаментінің міндетін атқарушы Жарқын Тілеукенов.

    Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта жұмысты бағалау мен бонустарды беру жүйесін өзара байланыстырғаннан кейін мерекелік сыйақыларды алып тастайды. Сол кезде барлық бонустар, яғни ақшалай сыйақылар әрбір қызметкердің жеке жетістіктері үшін төленеді.

    «Ол жүйе барынша ашық болады. Адам бонусқа лайық болса, сыйақы алады. Ал жоспарды орындамаса, жалақыны қанағат тұтуға мәжбүр болмақ. Біз аталған жүйені келесі жылдың екінші жартыжылдығында енгізуді жоспарлап отырмыз», — деп атап көрсетті Тілеукенов.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.