Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН
    Айғақ TV

    ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.06.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ерман Бекмұратовтың қатысуымен брифинг өтті.

    Баспасөз брифингінде Ерман Нұрланұлы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылуы бойынша баяндады.

    – Шымкент қаласы бойынша жұмыс күші — 435,1 мың адам. Оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны — 412,9 мың. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету) 2500 адамды оқыту қарастырылады. Оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 600 адам, еңбек нарығының сұранысына сәйкес 24 мамандық бойынша 1900 адам бекітіліп, 3 ай мерзімге оқуға жолдануда, – деді басқарма басшысы.

    Спикердің сөзінше, бағдарламаның 2-бағыты (кәсіпкерлікті қолдау) негізінде 1900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолданған. Бұл ретте кестеге сәйкес оқу 4 ағымға бөлініп, «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы (https//atameken.co/ru/course-bastau) өтуде. Ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен» келісім шарт түзіліп, 55 адамға шағын несие беру жұмыстары жүргізілуде.

    Сонымен қатар, бағдарламаның 3-бағыты бойынша еңбек ұтқырлығын арттыру үшін уақытша субсидияланатын жұмыс орындары, әлеуметтік, қоғамдық жұмыстар және жастар практикасы ұйымдастырылуда. Яғни, бұл жұмыстар негізінде халықтың нысаналы топтары (мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жастар, зейнеткерлер, қысқарғандар, жетімдер) қарастырылған.

    Айта кетейік, 2018 жылдан бастап жұмыс іздеушілерге арналған «Электрондық еңбек биржасы» іске қосылған. Бұл – жұмыс берушілер мен жұмыссыздарға персоналды таңдауға көмектесуді қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық база.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.