Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»МАҚТААРАЛДА 13 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
    Айғақ TV

    МАҚТААРАЛДА 13 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.06.2021Updated:09.06.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Мақтаарал ауданында 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр,- деп хабарлайды  Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл — аудан тарихының құрылыс саласындағы рекордтық көрсеткіші. Тіпті, іріленген Мақтаарал ауданы кезінде де бір уақытта мұншалықты көп мектептің құрылысы жүрмеген. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистерге берген брифингінде аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді. «1200 орындық 1 мектеп, 300 орындық 2 мектеп, 200 орындық 8 мектептің және 100 орындық 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы 13 білім беру нысанының 8-і биыл пайдалануға берілетін болады. Қалған 5-еуі 2022 жылға өтпелі. Ол үшін облыстық бюджеттен жалпы конкурстық құны 9,9 миллиард теңге қаржы бөлінген» — деді Бақыт Насырханұлы.
    Аудан басшысы мақталы өлкеде құрылыс саласының қарқынды жүруіне тікелей облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ықпалы зор екенін және ол үшін облыс басшысына мақтааралдықтардың алғысы шексіз екенін айтты. Сонымен қатар, салынып жатқан мектептердің барлығы пайдалануға берілгеннен соң ауданда ыңғайластырылған мектептер мүлде болмайтынын ерекше атап өтті.
    Мақтааралда өте өзекке ие болған мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру нысандарын ішкі және модульдік әжетханалармен жабдықтау мәселесі де өз шешімін тапқан екен. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 24 мектепке модульді жылы әжетханалар орнатылыпты.
    Айта кетейік, оқушылардың қауіпсіздігі сақтау мақсатында бейнебақылау камераларын орнату үшін 159,7 миллион теңгеге және 27 мектептің сыртқы қоршауларын күрделі жөндеуден өткізу үшін 487,5 миллион теңге, дабыл түймелерін орнатуға 1,3 миллион теңге, турникеттер орнатуға 52 миллион теңге қаржы қарау мақсатында облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына есептемелер де ұсынылған.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.