Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 1,6 МЛН ТҰРҒЫНЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 1,6 МЛН ТҰРҒЫНЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.06.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Түркістан облысының 1,6 млн тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы. Яғни, жоғары технологиялық операция, МРТ, КТ, скринингтік тексерулер, патронаттық қызметтер, амбулаториялық-емханалық көмек, стоматологиялық қызметтерді ақысыз алу барынша қолжетімді болады деген сөз. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары А.Сабитовтың төрағалығымен өткен өңірлік штабта айтылды, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
    Жүйеде әлі күнге дейін сақтандырылмаған 400 мыңға жуық адам ақысыз қызметтерден тыс қалып отыр. Сақтандырылмағандардың көпшілігі тұрақсыз төлеушілер. Яғни, олар үшін қандай да бір аударымдар және жарналар тұрақты түспейді, не болмаса төлем дұрыс жүргізілмеген. Соның салдарынан жүйеде қарызы қордаланып, мәртебесінен айырылады. Демек, төлемдердің жүйелілігін сақтау маңызды.
    «Жүйеге қатысатындардың ішінде 15 жеңілдетілген санаттар мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген. Алайда, ақпараттық жүйелерде аталмыш санаттардың әлеуметтік статустары анықталмағандықтан сақтандырылу құқығынан айырылып қалып отыр. Осы ретте, жеңілдетілген санатқа жататын азаматтар тіркелген емханасына барып әлеуметтік статустарын анықтағандары жөн», — дейді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев.
    Қор медициналық қызметтерді тұтыну үшін 15 жеңілдетілген санатқа, шағын және орта бизнес қызметкерлеріне уақытша статус беру жұмысын жүргізеді. Жыл басынан бері «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасында 174 ШОБ қызметкеріне, 33 80 жеңілдетілген санаттағы тұрғындарға уақытша статус берілді. Уақытша статус оларға растайтын құжаттарды ұсынуға және жеңілдік санатқа оралуға мүмкіндік береді. Содан кейін олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.
    МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғаның мәртебесі туралы сұрақтар туындаса, жарналар мен аударымдарды төлеуге байланысты Қордың 1406 бірыңғай байланыс орталығына, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына, Telegram-дағы «SaqtandyryBot», «fms.kz» ресми сайттары арқылы хабарласуға болады.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.