Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ШАРДАРАЛЫҚТАР ҚОЛ КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ҚҰРАМАСЫН МОЙЫНДАТТЫ
    Айғақ TV

    ШАРДАРАЛЫҚТАР ҚОЛ КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ҚҰРАМАСЫН МОЙЫНДАТТЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.06.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы, Шардара қаласында «Шардара Армспорт vs Әлем құрамасы» арасындағы жекпе-жек кездесу өтті. Аталмыш байрақты бәсекеде Әлем құрамасы сапында Ресей, Грузия, Латвия, Украина, Өзбекстан елдерінен келген Әлем, Еуропа, Азия чемпиондары бақ сынады.

    Әлем назарын аударған жекпе-жектің алғашқы кездесуі 57 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген шардаралық Нұрмахан Ердаулет пен ресейлік Ахмат Айбазов арасында өтті. 5 раундық жекпе-жекте 5:0 есебімен қазақ балуаны жеңіске жетті, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    70 келі салмақта «Shardara.Armsport» клубының спортшысы Қадір Нұрдаулет, грузиялық спортшы Вилени Габраваны өте тартысты әрі қызықты өткен сайыста  4:1 есебімен жеңіп, Қазақ елінің намысын абыроймен қорғады. Ал, 78 келі салмақта бақ сынаған «Shardara.Armsport»  клубының спортшысы Айдархан Нұрдаулет, украиналық қарсыласы Роман Мантиканы  5:0 есебімен жеңіп, «Shardara.Armsport»  құрамасының еншісіне тағы бір жеңіс сыйлады.

    Кіл мықтылар арасында өткен жекпе-жекте 86 келі салмақта «Шардара Армспорт» құрамасының спортшысы, әлемге «ең жылдам» атымен танымал болған Талғат Ақтаев, латвиялық спортшы Владислав Красовскийге қарсы бақ сынады. 5 раундтық жекпе-жектің нәтижесі бойынша 4:1  есебімен Талғат Ақтаев жеңіске жетіп, өз мықтылығын тағы бір мойындатты.

    Соңғы жұп осы сайыстың ең ауыр салмағы 95 келіде «Шардара Армспорт» құрамасының сапынан Қаржау Есболат бақ сынап, Өзбекстан елінің спортшысы Жасур Алиакбаровқа қарсы өткен 5 раундтық жекпе-жекте 4:1    есебімен  Өзбекстан спортшысын тізе бүктірді.

    «Шардара Армспорт vs Әлем құрамасы» арасындағы жекпе-жек кездесуінде, жалпы командалық есепте  5:0  есебімен «Шардара Армспорт» құрамасы жеңіске жетіп, Қазақ елінің абыройын асқақтатты. Айта кетейік, шардаралық спортшылар алдағы уақытта «Шардара VS Азия», «Шардара VS Еуропа» жарыстарын өткізуді де жоспарлап отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.