Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
    Айғақ TV

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.06.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Келес, Сайрам, Ақсу, Арыс және Бадам өзендері бойынан заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың салдарынан өзен арналары жыл сайын төмендеуде. Бұл өз кезегінде өзен үстінен өтетін облыстық маңызы бар жолдардың және ондағы көпірлердің мерзімінен бұрын апатты жағдайға жетуіне әсер етіп отыр. Маңызды мәселе жайлы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрғалығымен өткен аппарат отырысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов баяндады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    «Көпірлердің темір-бетонды жағалаулары, су бәсеңдеткіштері опырылып құлап, бетонды қадалары ашылып қалуда. Аталған жағдай, адам өміріне қауіп тудырумен қатар, мемлекет қаржысының артық жұмсалуына алып келуде. Қазіргі таңда, жоғарыда аталған өзен арналарының төмендеуі салдарынан бірқатар облыстық маңызы бар жолдардағы көпірлер жөндеуді қажет етіп отыр», – деді басқарма басшысы.

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәселені түбегейлі шешуді тиісті орган басшыларына тапсырды. Заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін заңдастыруды немесе тоқтатуды қолға алумен арнайы құрылатын комиссия айналысатын болады.

    Түркістан облысында жыл соңына дейін жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79 %-дан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 90%-ға арттыру жоспарланған. Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген қаражаттың басым бөлігі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 300-ден астам нысан, не 1200 шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл соңына дейін 700 шқ. жол пайданалуға беріледі.

    Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 478 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, осы аудандарда облыс әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шқ. асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Бұл жолдарды қыркүйек айында толықтай пайдалануға беру жоспарлануда. Жолдар Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласында да жүргізіліп жатыр.

    Биыл Түркістан-Балтакөл, Кентау-Ащысай, Шымкент-Қарамұрт, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар бағыттарындағы жолдарды пайдалануға беру және Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.