Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДА ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
    Айғақ TV

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДА ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.05.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалуына байланысты соңғы мәліметтер баяндалды. Тауда жоғалып кеткен туристер тобын іздестіру жұмыстары  жалғасуда. Құтқару жұмыстары күндіз-түні жүргізіліп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтың мәлімдеуінше, іздестіру шараларына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметерлері, альпенистер, жалпы 100-ден астам адам қатысуда, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    «Сондай-ақ 2 тікұшақ, 4 пилотсыз әуе құралдары, 15 техника, құтқарушылардың 2 кинологиялық қызметі, психологтар, жедел-жәрдем қызметі жұмылдырылған. Алматы қаласынан көмекке келген азаматтар пилотсыз әуеден ұшу құралдарының көмегін ұсынып, түнгі уақыта іздестіру жұмыстары жүргізілді. 30 мамыр күні Қазақстан және Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрліктерінің екі жақты келісімі бойынша Өбекстан Республикасының құтқарушылары өз аумақтарында Өгем өзені бойында іздестіру жұмыстарын бастады», – деді ТЖД бастығы.

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу және алдағы уақытта болдырмау мақсатында жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді. Таулы аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді жүктеді.

    Отырыста жазғы демалысқа шыққан мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесі ортаға салынды. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жасөспірімдердің сауықтыру демалысын тиісті деңгейде ұйымдастыру қолға алынған. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшылығының мәліметінше, биылғы жаз мезгілінде қала сыртында 24 сауықтыру лагері жұмыс істейді деп жоспарлануда. Онда жүріп жатқан жөндеу-құрылыс жұмыстарына, материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 10 мыңға жуық балаларына жергілікті бюджет есебінен тегін жолдама беру көзделген. Оқушыларды қабылдау 1-15 маусым аралығында басталады. Облыста 1-10-сынып оқушыларының жалпы саны 480 мыңға жуық.

    Сонымен қатар, жаз айларында балалар үшін түрлі үйірме жұмыстары, көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады. Барлық қауіпсіздік шаралары сақталып, экскурсия, саяхатқа апару жұмысы жалғасын табады. Жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дайындалған жадынама парақшалары таратылып, мектеп жасындағы балаларға және ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.