Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҚАЛА ӘКІМІ КИНОТЕАТРДЫҢ РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
    Бас ақпарат

    ҚАЛА ӘКІМІ КИНОТЕАТРДЫҢ РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.05.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов «Kinopark 4 Turkistan” кинотеатрының ресми ашылу салтанатына қатысты. Облыс орталығындағы инвестициялық жоба болып табылатын нысанның маңыздылығына тоқталған шаhар басшысы қала тұрғындарының бос уақытын қызықты өткізуде нысанның маңызы зор екенін айтып өтті. Ашылу рәсіміне Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының атқарушы директоры Абдрашид Рахметов те қатысып, кәсіпкерлерге жасалған қолдау үшін алғыс білдірді.

     «Қарапайым заттар экономикасы арқылы  кәсіпкерлер Түркістанды дамытып, рухани шаhарымызды мақтанышымызға айналдыру үшін барын салып жатыр. Қазақстанның абыройын арттырып жатқан түрлі ірі компаниялар өкілдеріне алғыс білдіремін», — деген Рашид Абатұлы жаңа отандық киноның презентациясына қатысып, кинотеатрдың ұлттық стильдегі дизайнына ерекше бағасын берді.

    “Khanshaiym Plaza» сауда орталығында орналасқан кинотеатрда бейнелеу мен дыбыс саласындағы ең озық технологиялармен жабдықталған төрт зал бар. Кинотеатрдың ерекшелігі ұлттық стильдегі қазақы ою-өрнектері бірегей ажырамас бөлігі болып табылады.

    «Turkistan 4 Kinopark» кинотеатры 446 көрерменді қабылдай алады. Ол Түркістан қаласындағы бірінші кинотеатр және Қазақстан бойынша 23-кинотеатр. Компания kinopark.kz  сайты негізінде билеттер мен тағамдарды онлайн сатудың жеке жүйесін, сондай-ақ, AppStore және PlayMarket-тен жүктеуге болатын Kinopark мобильді қосымшасын дамытуда. Компания киноға билетті онлайн сатып алған көрермендерге арналған QR-кодтарды оқу жүйесін әзірлеп, іске қосқан.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026

    ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

    05.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.