2021 жылдың сәуір айына дейін Шымкент қаласы әкімі аппаратын 3 жыл бойы басқарған Еркеғали Әлімқұлов жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары.
Мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол Түркістанның тумасы ОҚО әкімі аппаратының басшысы қызметін де абыроймен атқарған болатын. ҚР Парламенті мәжілісінде, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінде, Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінде жұмыс жасаған. Еркеғали Амантайұлы Тауарлар нарығын мониторингілеу басқармасын, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясын басқарған.