Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» КАДР РЕЗЕРВІНЕ 353 АДАМ ІРІКТЕЛДІ
    Айғақ TV

    «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» КАДР РЕЗЕРВІНЕ 353 АДАМ ІРІКТЕЛДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.05.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резервіне іріктеу 2021 жылғы 1 наурызда басталып, 30 сәуірде аяқталды. 1-12 наурыз аралығында тіркеуден өткен қатысушылардан 1873 өтінім келіп түсті. Президенттік кадр резервінің тәжірибесін ескере отырып, үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Олар тест тапсырып, сарапшылармен сұхбаттасты, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Қорытынды кезеңде үміткерлерді арнайы комиссия іріктеді, оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, HR-мамандары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі мен басқармасының мүшелері кірді.

    Нәтижесінде «Дарындылар пулына» 353 адам қабылданды. Олардың ішінде Түркістан облысынан — 7 адам.

    «Дарындылар пулы» жобасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады, ол бізге іріктеу кезеңдерінің барынша ашық өтуін тапсырған болатын. Оған кез келген қазақстандық қатыса алды. Жобаны іске асыру Мемлекеттік корпорацияда меритократия қағидаттарын енгізуге және «әлеуметтік лифт» тетіктерін пайдалануға көмектеседі деп сенемін. Резервке өткендердің тағайындаулары таяу уақытта бос орындар пайда болған кезде жүзеге асырылады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

    Жобаның басты мақсаты – болашағынан үміт күттіретін қызметкерлерді табу, олардың құзыретін дамыту және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.

    Іріктеуді әзірлеу кезінде «Президенттік Жастар кадр резерві», «Елбасы Академиясының салалық менеджерлері» және «Жас Өркен» сияқты ұқсас жобалардың тәжірибесі ескерілді. Осылайша, «Дарындылар пулы» Қазақстандағы кадрлар резервін құру бойынша төртінші ірі жобаға айналды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.