Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ЯССАУИ КЕСЕНЕСІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АСПАЛЫ ШЫРАҒДАН ТАРИХИ ТҰҒЫРЫНА ОРНАТЫЛДЫ
    Бас ақпарат

    ЯССАУИ КЕСЕНЕСІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АСПАЛЫ ШЫРАҒДАН ТАРИХИ ТҰҒЫРЫНА ОРНАТЫЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.05.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Халықаралық музейлер күніне орай Қожа Ахмет Яссауи қабірханасының алдына ортағасырлық аспалы шырағданды орнатты, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

    -«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі әрбір бөлменің өзіндік тарихи қызметін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Халықаралық музейлер күніне орай қорық- музей қорындағы ХVІ ғасырға тән құнды да түпнұсқа жәдiгерлердiң бiрі аспалы шырағданды тарихи тұғырына орнатып отырмыз. Шырағдан кезiнде Қазандық бөлмесiнiң солтүстiк ойығы астында, Қабырханаға кiре берiстегi арканың ұшында iлулi тұрған»,- деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Н. Ахметжанов.

    XVI ғасырда ілінген аспалы шырағдан 1993-1999 жж. аралығында кесенеде жүргізілген жөндеу жұмыстары кезiнде төмен түсiрiлiп, оны жан-жақты зерттеп, талдауға мүмкiндiк туған. Оған дейін оны ешқандай зерттеушiлер, не кесененiң дiни қызметшiлерi орнынан қозғаған емес, уақытқа байланысты оның сыртқы түсі қарақошқылданып кеткен.

    Шырағданның түр-тұрпаты құмыра тәрiздi болып келген. Бүйiрiндегi үш жерiнен (асып) iлiп қоюға арналған шынжырлар бекiтiлген, iлмегi бар. Iлмек — Қазандық бөлмесiнiң Қақпа есiгiнiң балғашаларындағы жануар бейнесiн (барыс) қайталайды. Осы үш шынжыр жоғары көтерiлiп бiр дөңгелек метал пластинаға бекiтiлген де ары қарай ойық ұшына iлiнетiн iлмекпен аяқталады.
    Сондай-ақ, бүйiрiнiң бiр шетiнде өрнектеп парсы тiлiнде жазылған тарихи маңызды жазулары бар:
    Аудармасы: Әулиелердің сұлтаны, тақуалардың дәлелі, Қожа Ахмет Яссауи. Бұл аспалы шырақты Хажжаж ибн Уаққас Сайрами арнайы Сұлтанның [Қожа Ахмет Яссауи] кесенесіне уақф ретінде сыйға тартты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.