Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН: 128 ЕГУ ПУНКТІ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН: 128 ЕГУ ПУНКТІ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.05.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Жасыл аймақтағы» Түркістан облысында 128 егу пунктінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізілуде. 100-ден астам термоконтейнермен қамтамасыз етілген. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан өңіріндегі эпидемиологиялық ахуалды баяндаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев вакцинация сондай-ақ, жылжымалы вакцинациялау пункттерінде жүргізілетінін атап өтті, — деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі

    «Облыста 80 көшпелі егу бригадасы жұмыс істейді. Вакцинация жүргізу үшін даярланған 500-ден аса маманмен қамтамасыз етілді. Түркістан облысы бойынша жаппай вакцинациялау алгоритмі жасалған. Жоспарға сәйкес, 185 мың доза «Спутник-V» және 752 мың доза құрайтын «QazVac» отандық вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр»,-деді Өмірзақ Шөкеев.
    Түркістан облысында ақпан айынан басталған вакцинацияның 180 100 дозасы жеткізіліп, бірінші компонент 176 мыңнан астам адамға, екінші компонент 41 мың азамата салынды. Жалпы 700 мыңнан аса азаматтан ПТР тест алынған.
    Соңғы тәулікте 30 адам КВИ аурушаңдықпен тіркеліп, оның жартысынан астамынан аурудың симптомсыз түрі анықталған. Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.
    Жаппай вакцинациялау алгоритміне сәйкес, қала және аудан тұрғындары вакцинаны жергілікті емханалардың егу кабинеттерінде арнайы тізім және алдын ала жазылу тәсілі бойынша салдырады. Екпе сондай-ақ жылжымалы пункттерде жүргізіледі. Тұрғындар алдын ала Egov электронды жүйесі арқылы тіркеліп, ерікті түрде вакцина жасата алады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.