Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Ө.ШӨКЕЕВ: «ЖОЛ КАРТАСЫН» ЖАНАШЫРЛЫҚПЕН АТҚАРУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІН»
    Айғақ TV

    Ө.ШӨКЕЕВ: «ЖОЛ КАРТАСЫН» ЖАНАШЫРЛЫҚПЕН АТҚАРУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІН»

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.05.2021Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLI есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Оған аудан, қалалардағы делегаттар онлайн режимде қашықтықтан қатысты. Конференция жұмысын Түркістан облысының әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев ашып, жүргізіп отырды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы жоспарларға тоқталды. Оның айтуынша, Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының 80 мыңнан астам мүшесі, 244 бастауыш партия ұйымы бар. Өңірде партиялық жобалар жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2019 жылы 9 мыңнан астам арыз-шағым келіп түссе, олардың 49%-ы оңтайлы шешілген. 2020 жылы 27 мыңнан астам өтініш түсіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Бұл – халықтың партияға деген сенімін көрсетеді. Өтініштерді қарау нәтижесінде 60%-ы оңтайлы шешілген. Партия филиалы арыз-шағымды дер кезінде қадағалау, қоғаммен байланыс орнатуды жетілдіру, ақпараттық және насихаттық жұмыс көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда келеді.

    «2020 жылы елімізде короновирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. «Біз біргеміз» акциясы аясында қиын жағдайда қалған 43540 отбасына азық-түлік себеттері берілді. Бұл бойынша Түркістан облысы республикада екінші орынға шықты. Акцияға облыс кәсіпкерлері, партия мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының қосқан үлесі зор. Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасымен құрылған «Біргеміз» республикалық қоры арқылы облыстың 38907 отбасына 50000 теңгеден берілді. Мақтааралда аталған қордың көмегімен 32 үй тұрғындарға тапсырылды», – деген Бейсен Дәулетұлы праймеризге қатысу көрсеткіші бойынша өңір республикада бірінші орынға шыққанын, «Nur Otan» партиясының облыстық фракциясының құрамы 60%-ға жаңарғанын, орташа жасы – 47, яғни 4 жылға жасарғанын мәлімдеді.

     Бұл жұмыстарды атқаруда Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия жұмысын жандандыру жөніндегі «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасы мен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізге алынған.

    Конференцияда облыстық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы А.Тасыбаев пен облыстық мәслихат депутаты Бекарыс Шойбеков филиал жұмысының жанданғанын айтты. Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, саяси кеңес мүшесі Жеңісбек Мәуленқұлов сайлауалды бағдарламаны орындау барысында Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс қолға алынғанын, Түркістан шаһарындағы игі өзгерістерге Елбасы жоғары бағасын бергенін жеткізді.

    Конференцияны қортындылаған облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев партияның облыстық филиалының соңғы екі жылда атқарған жұмыстарын оң бағалап, облыстық, аудандық және қалалық филиал төрағаларына бірқатар тапсырма берді.

    «Nur Otan» – нақты істер партиясы. Еліміз бойынша жетекші партияның ықпалымен тұрғындардың талап-тілектері назарға алынып, өзекті мәселелер шешімін тапты. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – Түркістан облысының даму бағдарламасы. Сондықтан индикаторлар толық орындалуы тиіс. Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылау мақсатында құрылған Қоғамдық кеңестердің жұмысы белсенді жүргізілсін. Тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу мақсатында көшпелі қабылдаулар, партия филиалдары басшылығының, фракция мүшелерінің, мемлекеттік орган басшыларының қоғамдық қабылдауларын жүйелі өткізуді тапсырамын. Қазір пандемия әлем елдеріне, оның ішінде Қазақстанға да оңай тиіп жатқан жоқ. Бірақ біз еліміздегі жетекші саяси күш ретінде мемлекеттің дамуына үлес қосуымыз керек. Бұл ретте баршаңызға жауапкершілік жүктеліп отыр. Сайлауалды бағдарламаны орындау – біздің міндетіміз. Сондықтан жол картасын жанашырлықпен атқаруды талап етемін», – деді Ө.Шөкеев.

    Конференция қортындысы бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланып, қаулы қабылданды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.