• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ӨНІМДІ АЛЫП ҚОЮ

13.05.2021
0

Өнімді (тауарды) алып қою туралы маңызды Заң талабы туралы:
2020 жылдың 30 желтоқсанында елімізде «Техникалық реттеу туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң) жаңа редакциясы қабылданғаны және ол өзінің заңды күшіне алдымыздағы шілденің 1 жұлдызынан енетіні,  ол құжатқа бұрынғы заңдылықтарда болмаған талаптар енгізілген.
​Сол жаңа талаптардың және бірі — Өнімді (тауарды) алып қою. Біздің елімізде мұндай талап бірінші рет енгізіліп отырғанын атап өту қажет және бұл қатал талап – нарыққа сапасыз, қауіпсіз өнімді шығармауды көздейді.
​Қандай жағдайларда жүзеге асырылады және оның салдары қандай болуы мүмкін? Осы сұрақтарға қысқаша жауаптар берілетін болады. Өйткені, бақылау субьектісінен (кәсіпкерден, өнімді сатушыдан және т.б) оның осы өнімді сату/өткізу арқылы күн көріп отырған несібесінен айыру — оңай шаруа емес екені белгілі.
Заңның 44 бабының 1 тармағына сәйкес, жоспардан тыс тексерулер мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық қадағалауды жүзеге асыру барысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда, қоғамдық қауіпті салдардың туындауын болғызбау мақсатында өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу және алып қою түрінде жеделден қоюдың құқық шектеу шаралары қолданылады. Яғни, өнімді баса  көктеп, алып қою, немесе оны айналысқа шығаруға тыйым салу – деген талап жоқ, тек жоғарыдағы заң талаптары бұзылған жағдайда ғана!
Жеделден қоюдың құқық шектеу шаралары деп қадағалау субъектісіне ықпал ету тәсілдері түсініледі.
Ал, қандай жағдайлар, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төндіретін бұзушылықтар болып есептеледі? Олар төмендегілер:
1) өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеуі;
2) техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген, сәйкестікті бағалаудан өтпеген өнімді айналысқа шығару;
3) техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген өнімді сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз немесе техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінде мұндай құжаттардың бар — жоғы туралы мәліметтер болмаған кезде айналысқа шығару.
Ерекше атап өтетін жағдай –Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылаумен қадағалауды жүргізу барысында зертханалық сынақтардың нәтижелерімен техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтіні дәлелденген өнім алып қоюға жатады. Мән беріңіздер: заңды талаптарға сәйкес келмейтіні дәлелденген өнімдер  ғана!
Өз кезегінде, Өнім таңбалау бөлігінде (маркировка) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген кезде өнім алып қоюға жатпайды.
Өнімді алып қою қадағалау субъектісіне міндетті түрде орындау үшін табыс етілетін өнімді алып қою туралы қаулы негізінде жүзеге асырылады, ал, ол қаулыны мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторы (департамент басшысы) қабылдайды.
Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (яғни, департамент) өнімді алып қою туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа қадағалау субъектісін алып қойылған өнімді иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы талап қою береді.
Өнімді алып қою туралы қаулыны орындамағаны үшін қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Алып қойылған өнімді сақтау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін және жеке және заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне, адам өмірімен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төндіретін алып қойылған өнім шаруашылық және өзгеде қызметте қолдануға жатпайды және уәкілетті орган белгілеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экология заңнамасында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы, азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптар және халықтың санитариялық — эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақтала отырып жойылуға тиіс не кәдеге жаратылуы немесе қайта өңделуі мүмкін немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкетілуі мүмкін.
Алып қойылған өнімді тасымалдауға (тасуға), сақтауға, жоюға, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге немесе оны Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкетуге байланысты шығыстарды қадағалау субъектісі көтереді.
Сондай — ақ, Өнімді алып қою туралы қаулы шығарылғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары (яғни, департаменттің) оның иесінің немесе оның өкілінің қатысуымен қадағалау субъектісіне өнімді өткізу жүзеге асырылған өнім партиясынан алынған өнім немесе сериялы өндірілген өнім үлгілерін іріктеп алуды жүргізеді. Бұл іріктеп алудың мақсаты, өнімнің техникалық регламенттерге сәйкес емес келуіне не себеп болғанын анықтау. Басқаша айтқанда, заң бұзушылық өнімді шығарып жатқанда орын алды ма, жоқ, басқа жағдайларда  кемшіліктер кетті ма, осы сұрақтарға жауап іздеу.
Сынақ сәйкестікті бағалау нәтижелеріне тәуелсіз және оған мүдделі емес, Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханада жүргізіледі.
Егер өнімнің зертханалық сынақтарының қорытындысы бойынша оның техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтіндігі дәлелденсе, өнімді алып қою туралы қаулы шығарған лауазымды адамдар алып қойылған өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжаттың күшін жояды.
Сол сияқты, Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалаудан өтпеген өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың күшін жоюға құқылы.
Бастарбек ЕСҚАРАЕВ,
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің
Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.