20 жылдары Америкада хит болған Turkestan музыкалық туындысының пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында мәлімет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Instagram парақшасында жарияланды. Сөзі — Бобби Джонс (Bobby Jones), музыкасы — Джек Стерн (Jack Stern). Орындайтын — American Quartet тобы. Аталған әннің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылған. Бұған Түркістандағы Farab кітапханасының ғылыми-зерттеу еңбегінің нәтижесінде қол жетті. Түрлі мұрағаттық деректер бойынша, пластинка 1906 жылы немесе 1919 жылы жазылған болуы мүмкін.
https://www.instagram.com/p/COvhoo7H2O1/