Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты
    Айғақ TV

    Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.05.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында жазды.

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2021/05/vCxbxBg0f7RIUHec.mp4

     

     

    Кешенде иілген 21 қанатты көруге болады. Бұл Түркістанда жерленген 21 ханды білдіреді. Есім ханнан Әликен ханға дейінгі бабаларымыздың есімдері мен басқарған жылдары да жазылған. Сондай-ақ, Елбасы «Ұлы дала бірлігі» атты капсуланы салды. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлердің топырағы жиналған. Жобалау құны 1,9 млрд теңге болатын мемориалдық кешеннің жалпы ауданы 0,85 га құрайды. Жаңа нысанның баральефінде қазақ билерінің, қазақ даналарының көркемсөздері қашалған. Шеңбер тәріздес салынған пилондардағы граниттік тақтайшаларға қазақ даласын басқарған 21 ханның есімдерімен қатар олардың билік жүргізген жылдары да жазылған.

    «Түркістанның ұлтарақтай жері ат басындай алтынға татиды деген рас екен. Біз қала бұндай жылдам дамиды деп ойламадық. Түркі әлемінің рухани астанасына айналған Түркістанның осыншама жылдам дамуы Елбасының арқасы. Түлеген Түркістанның қазіргі келбеті Елбасының туындысы. Ел ағылып келіп жатыр. Бұрын ыстықтан күндіз жүре алмайтынбыз. Қазір барлық жерде субұрқақ, саябақ салынды, талдар егілді. Айнала көк майса. Көз тоймас ғимараттар ашылып жатыр. Осының бәрі Елбасының еңбегі. Істеймін деген адамға қазір Түркістанда жұмыс көп. Қасиетті қаламыздың әліде адам танымастай өзгере беретіне сенеміз. Түркістан әлемдегі көптеген халықтардың рухани орталығына айналып отыр. Бұнда келген адамдардың жүзінен мейірім көрінеді. Түркістан жүрекке иман үйіреді. Қала көңілге тыныштық, жайлылық сыйлайды», — дейді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің доценті Гүлсара Тоқылова.

    Дереккөз: ҚазАқпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.